Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң "Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды айдауылдау ережесiн бекiту туралы" N 2498 болып тiркелген, 2003 жылдың 18 қыркүйектегi N 194 бұйрығына толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 27 мамырдағы N 156 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 29 мамырда тіркелді. Тіркеу N 2880. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 1122 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1482 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Қ.А.Иассауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 15 наурыздағы N 273  қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      Қазақстан Республикасының Қ.А.Иассауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Өкілетті кеңесінің құрамына:
Шәмшидинова             - Қазақстан Республикасының Білім және
Күләш Ноғатайқызы         ғылым вице-министрі, төрағаның
                          орынбасары;

Құрманғалиева           - Қазақстан Республикасының Экономика
Аида Дәденқызы            және бюджеттік жоспарлау министрлігі
                          Әлеуметтік сала шығыстарын жоспарлау
                          департаментінің директоры

Әжіметов                - Қазақстан Республикасының Қаржы
Нұржан Нұрмаханбетұлы     министрлігі Оңтүстік Қазақстан
                          аумақтық мемлекеттік мүлік және
                          жекешелендіру комитетінің төрағасы

      енгізілсін;
      көрсетілген құрамнан: Шәмша Көпбайқызы Беркімбаева, Батырхан Арысбекұлы Исаев, Ғани Әлімұлы Қалиев шығарылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі