Дәріханаішілік бақылау жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсібі комитеті төрағасының 2003 жылғы 2 маусымдағы N 85 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 2 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 2385. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы N 732 Бұйрығымен.

      2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж, N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

      173-бап мынадай мазмұндағы он бесінші және он алтыншы бөліктермен толықтырылсын:

      "15. Міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру ұйымы мәжбүрлеп таратылған кезде сақтанушыларға (сақтандырылған адамдарға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін қорға міндетті немесе төтенше жарналарды төлемеу, уақтылы төлемеу не толық көлемде төлемеу, -
      лауазымды адамға - елу, заңды тұлғаға екі жүз елу айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
      16. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржы есептілігін және өзге де мәліметтерді Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау міндеттілігі туралы талаптарды бұзуы -
      жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады."

      Қазақстан Республикасының
      Президенті