"Экономиканың басым секторларында инвестициялық қызметті жүзеге асырушы инвесторлармен келісім-шарт жасау кезінде жеңілдіктер мен преференциялар беру рәсімдерін жетілдіру туралы" Инвестициялар жөнінде Қазақстан Республикасының Агенттік Төрағасының бұйрығы

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі инвестициялар жөніндегі комитеті төрағасының 2002 жылғы 9 желтоқсандағы N 240-П  бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 19 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 2091. Күші жойылды - ҚР Индустрия және сауда министрлігі Инвестициялар жөніндегі комитеті төрағасының 2003 жылғы 18 наурыздағы N 18-п бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының Президентінің 2000 жылғы 6 наурыздағы N 349  Жарлығымен  бекітілген "Экономиканың басым секторларында инвестициялық қызметті жүзеге асырушы инвесторлармен келісім-шарт жасау кезінде жеңілдіктер мен преференциялар беру туралы Ережесінің" 2-ші тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
     1. 2000 жылғы 14 сәуірдегі N 01/7 "Экономиканың басым секторларында инвестициялық қызметті жүзеге асырушы инвесторлармен келісім-шарт жасау кезінде жеңілдіктер мен преференциялар беру рәсімдерін жетілдіру туралы" Инвестициялар жөнінде Қазақстан Республикасының Агенттік Төрағасының бұйрығына  (2000 жылдың 27 сәуіріндегі N 1120) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) 1-ші тармақтың 3 тармақшасындағы "2002" саны "2004" санымен ауыстырылсын;
      2) аталған бұйрықпен бекітілген N 3 Қосымшасының аталуында "2002" саны "2004" санымен ауыстырылсын.
      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу күнінен әрекетіне енеді.

      Төраға