Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi агенттiгi Төрағасының 2000 жылғы 14 сәуiрдегi N 01/7 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар жөніндегі комитеті төрағасының 2001 жылғы 12 қыркүйектегі N 104-п бұйрығы  Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 19 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 1644. Күші жойылды - ҚР Индустрия және сауда министрлігі Инвестициялар жөніндегі комитеті төрағасының 2003 жылғы 18 наурыздағы N 18-п бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің "Қазақ кардиология ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің "Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) болып қайта аталсын.
      2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) Кәсіпорынның жарғысын бекітсін және әділет органдарында қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;
      2) "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы N 1852 P991852_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 53, 527-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде:
      "Мемлекеттік кәсіпорындар" деген 2-бөлімдегі реттік нөмірі 34-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "34. Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты".
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі