Банк болып табылмайтын заңды тұлғалардың банкноттарды, металл ақшаны және құндылықтарды инкассациялау жөнiндегi қызметiн лицензиялау және реттеу ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы 2002 жылғы 10 қазан N 401. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 29 қарашада тіркелді. Тіркеу N 2062.

Жаңартылған

       Ескерту: Бұйрықтың атауына, 1-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 18 қазандағы N 128   қаулысымен .

      Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінiң Басқармасы  қаулы етеді :
      1. Банк болып табылмайтын заңды тұлғалардың банкноттарды, металл ақшаны және құндылықтарды инкассациялау жөнiндегi қызметiн лицензиялау және реттеу ережесi бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енедi.
      3. Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргiзу басқармасы (Мәжитов Д.М.):
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап жетi күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң аумақтық филиалдарына және банкноттарды, металл ақшаны және құндылықтарды инкассациялау, жiберу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарға жiберсiн.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Е.Т.Жангелдинге жүктелсiн.

      Ұлттық Банк
       Төрағасы

Қазақстан Республикасының    
Ұлттық Банкі Басқармасының    
"Банк болып табылмайтын     
заңды тұлғалардың банкноттарды, 
металл ақшаны және        
құндылықтарды инкассациялау  
жөніндегі қызметін лицензиялау 
және реттеу ережесін бекіту  
туралы" 2002 жылғы 10 қазандағы
N 401 қаулысымен       
бекітілген         

  Банк болып табылмайтын заңды тұлғалардың банкноттарды,
 металл ақшаны және құндылықтарды инкассациялау
жөніндегі қызметін лицензиялау және реттеу ережесі

       Ескерту: Ереженің жоғары оң бұрышында, тақырыбында, сондай-ақ бүкіл мәтін бойынша ", жіберу" деген сөз алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 18 қазандағы N 128   қаулысымен .

      Осы Ереже "Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкі  туралы", " Лицензиялау туралы ", " Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарына, басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді және қызметінің ерекше түрі банкноттарды, металл ақшаны және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын банктер болып табылмайтын заңды тұлғалардың (бұдан әрі - инкассация жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалар) қызметін лицензиялау және реттеу тәртібін белгілейді.

  1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Инкассация жөніндегі операцияларды жүргізетін заңды тұлғалар банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар болып табылады.
      Банкноттардың, металл ақшаның және құндылықтардың инкассациясын жүзеге асыратын заңды тұлғалардың инкассация бойынша операциялармен байланысты емес өзге қызметпен айналысуына тыйым салынады.
       Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 14 сәуірдегі N 46   қаулысымен .

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі - Ұлттық Банк) банкноттарды, металл ақшаны және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды (бұдан әрі - Инкассация жөніндегі операциялар) жүргізу лицензиясын осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес белгіленген нысан бойынша береді.

      3. Инкассация жөніндегі операцияларды жүргізетін заңды тұлғалар тиісті түрде куәландырылған инкассация жөніндегі операцияларды жүргізу лицензиясының көшірмесін клиенттер онымен таныса алатын жерде орналастыруы тиіс.

      4. Ұлттық Банк банк болып табылмайтын заңды тұлғаларға берілген инкассация жөніндегі операцияларды жүргізу лицензияларының берілгенінің, тоқтатылғанының және қайтарылып алынғанының есебін жүргізеді.

  2-тарау. Инкассациялау бойынша операцияларды жүргізу
лицензиясын беру талаптары және тәртібі

      5. Инкассация бойынша операцияларды жүргізуге лицензия алу үшін өтініш беруші мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс:
      1) осы Ереженің 2-қосымшасында белгіленген талаптарға сәйкес келетін үй-жайлар мен жабдықтардың болуы;
      2) Ұлттық Банк белгілеген талаптарға сәйкес келетін мөлшерде жарғылық капиталының болуы;
      3) өтініш берушінің атқарушы органының бірінші басшысының қаржы ұйымы инкассация бөлімшесінде немесе қаржылық қызмет көрсету саласында басшылық лауазымда кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесі болуы;
      4) өтініш берушінің атқарушы органының бірінші басшысының коммерциялық және өзге ұйымдардағы қызметтік меншікке, мүдделерге қарсы қылмысы, сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстары, сондай-ақ экономикалық қызмет саласында жасалған қылмыстары үшін жойылмаған немесе заңда белгіленген тәртіппен алынбаған соттылығының болмауы.
       Ескерту: 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.11.30.  N 131  (ресми жарияланған күннен кейін жиырма бір күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      5-1. Өтініш беруші лицензия алу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) Ереженің 3-қосымшасында белгіленген нысан бойынша өтініш;
      2) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат;
      3) жарғылық капиталдың қалыптастырылғанын растайтын құжат;
      4) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің және жарғының нотариалды куәландырған көшірмелері;
      5) Ереженің 4-қосымшасына сәйкес атқарушы органның бірінші басшысы туралы мәліметтер.
       Ескерту: 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.11.30.  N 131  (ресми жарияланған күннен кейін жиырма бір күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      6. Заңды тұлғаның жарғылық капиталы тек ақша түрінде құрылтайшылардың жарналары есебінен қалыптастырылады.
      Инкассация жөніндегі операцияларды жүргізетін заңды тұлғалар үшін жарғылық капиталдың ең аз мөлшерін Ұлттық Банк белгілейді.

      7. Инкассация жөніндегі операцияларды жүргізу лицензиясын беру туралы өтінішті Ұлттық Банк оны қабылдаған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.
       Ескерту: 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.11.30.  N 131  (ресми жарияланған күннен кейін жиырма бір күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      8. Ұлттық Банктің қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу бөлімшесі құжаттарды қабылдайды, қарайды, Ұлттық Банк Басқармасының қарауына лицензияны беру және ресімдеу жөніндегі материалдарды дайындап, әрбір өтініш бойынша ұсынылған құжаттар негізінде қорытынды жасайды.
      Осы Ереженің 5-тармағында көзделген техникалық іс-шараларды орындалуы туралы қорытындыны Ұлттық Банктің филиалы қолма-қол ақшамен жұмыс бөлімшесі заңды тұлғадан өтініш келіп түскен күннен бастап екі күндік мерзімде Ұлттық Банктің филиалына жіберетін, Ұлттық Банктің қолма-қол ақшамен жұмыс бөлімшесінің тапсырмасы негізінде 10 жұмыс күні ішінде береді. Заңды тұлғаның үй-жайларын тексеру нәтижесі бойынша еркін нысандағы үш данада акт жасалады. Бірінші данасы қолма-қол ақшамен жұмыс бөлімшесіне, екінші данасы заңды тұлғаға жіберіледі, үшінші данасы Ұлттық Банктің филиалында қалады.
       Ескерту: 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 18 қаңтардағы  N 6  қаулысымен .

      9. Лицензия беруден бас тарту "Лицензиялау туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңында  көзделген негіздемелер бойынша жүргізіледі.
       Ескерту: 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.11.30.  N 131  (ресми жарияланған күннен кейін жиырма бір күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      10. Инкассация жөніндегі операцияларды жүргізу лицензиясы жоғалған жағдайда заңды тұлға лицензияның дубликатын алуға құқылы.
      Лицензиаттың жазбаша өтініші бойынша лицензияның дубликатын Ұлттық Банк он жұмыс күнінің ішінде береді.
       Ескерту: 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.11.30.  N 131  (ресми жарияланған күннен кейін жиырма бір күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      11. Инкассация бойынша операциялар жүргізуге арналған лицензияларды қайта ресімдеу "Лицензиялау туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңында  белгіленген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.
       Ескерту: 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.11.30.  N 131  (ресми жарияланған күннен кейін жиырма бір күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

  3-тарау. Филиалдарды ашу тәртібі және филиалдың
 техникалық дайындығына қойылатын талаптар

      12. Инкассация жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғаның филиалдары тек Ұлттық Банктің келісімімен ашылуы мүмкін.

      13. Инкассация жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың филиалдары осы Ереженің 5-тармағында көзделген талаптарды міндетті түрде орындауы тиіс.
       Ескерту: 13-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 14 сәуірдегі N 46   қаулысымен .

      14. Филиалды ашу үшін инкассация жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлға Ұлттық Банкке:
      1) филиалды ашуға келісім беру туралы өтінішті;
      2) заңды тұлғаның уәкілетті органының филиалды ашу жөніндегі шешімін;
      3) нотариат куәландырған Филиал туралы Ережені;
      4) филиалдың қызметін жүзеге асыру үшін үй-жайды жалға алу туралы шарттың нотариат куәландырған көшірмесін немесе заңды тұлғаның осы үй-жайға меншік құқығын куәландыратын құжатты;
      5)  алынып тасталды .
       Ескерту: 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 18 қаңтардағы  N 6  қаулысымен .

      15. Ұлттық Банк осы Ереженің 14-тармағында көрсетілген құжаттарды алғаннан кейін инкассация бойынша операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғаның филиалы үй-жайының осы Ереженің 2-қосымшасында белгіленген талаптарға сәйкес келуін тексереді.
       Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.11.30.  N 131  (ресми жарияланған күннен кейін жиырма бір күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      16. Заңды тұлғаның филиалды ашу туралы келісімін беру туралы мәселені осы Ережеге сәйкес барлық құжаттар ұсынылған күннен бастап  отыз жұмыс күні ішінде Ұлттық Банк қарауы тиіс.
       Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.11.30.  N 131  (ресми жарияланған күннен кейін жиырма бір күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      17. Инкассация жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғаның филиалын ашуға келісімін беру немесе келісім беруден бас тарту туралы шешімді Ұлттық Банктің қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу бөлімшесінің қорытындысы бойынша Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары қабылдайды.
      Инкассация бойынша операцияны жүзеге асыратын заңды тұлғаның филиалын ашуға келісім беруден бас тарту осы Ереженің 5-тармағында көзделген талаптардың кез келгенін сақтамаған жағдайда жүргізіледі.
       Ескерту. 17-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.11.30.  N 131  (ресми жарияланған күннен кейін жиырма бір күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      18. Инкассация жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлға филиалды Қазақстан Республикасының әділет органдарында есептік тіркеуден өткізгеннен кейін екі апталық мерзімде филиалды есептік тіркеу туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесін Ұлттық Банкке ұсынады.

  4-тарау. Инкассация жөніндегі операцияларды
жүзеге асыратын заңды тұлғаның қызметін
ұйымдастыру және реттеу

      19. <*>
       Ескерту: 19-тармақ алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 18 қаңтардағы  N 6  қаулысымен .

      20. Инкассация жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғаның уәкілетті органының бекітілген есеп саясатына сәйкес олар жүргізетін операциялардың есебін жүргізеді.

      21. Инкассация жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалар Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Ұлттық Банкке қаржылық және реттейтін есепті ұсынады.

      22. Инкассация жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалар операцияларды жүргізу шарттарын, осы Ереженің және Ұлттық Банктің басқа да нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын бұзған жағдайда оларға Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген  санкциялар қолдануы мүмкін.

      23.  Алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.11.30.  N 131  (ресми жарияланған күннен кейін жиырма бір күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

  5-тарау. Қорытынды ережелер

      24. Инкассация жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғаны қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

      25. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес шешіледі.

                                         Банк болып табылмайтын
                                   заңды тұлғалардың банкноттарды,
                                   металл ақшаны және құндылықтарды
                                   инкассациялау жөніндегі қызметін
                                   лицензиялау және реттеу ережесіне
                                                1 қосымша

       Ескерту: Қосымшаның жоғары оң бұрышындағы ", жіберу" деген
сөз алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005.10.18.
қазандағы  N 128 , өзгерту енгізілді - 2007.11.30.  N 131  (ресми жарияланған күннен кейін жиырма бір күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.

                   Банк операциясын жүргізуге
                            ЛИЦЕНЗИЯ

      Нөмірі ____________
      Берілген күні "____" ___________ ______жыл.
      Мемлекеттік тіркеу күні және нөмірі ___________
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының ______
жылғы "__"_______ N ___ қаулысына сәйкес осы лицензия _________________________________________________________________
__________________________________________________ берілді
          (заңды тұлғаның атауы)
және банкноттарды, металл ақшаны және құндылықтарды инкассациялау,
жіберу жөніндегі банк операциясын жүргізуге құқық береді:
      Осы лицензия талаптарынан туындайтын құқықтар үшінші
тұлғаларға берілмейді.

      Осы лицензия бір ғана данада беріледі.

       Төрағаның орынбасары

 Банк болып табылмайтын    
 заңды тұлғалардың банкноттарды,
 металл ақшаны және құндылықтарды
 инкассациялау жөніндегі қызметін
 лицензиялау және реттеу ережесіне
 2 қосымша           

       Ескерту: Қосымшаның жоғары оң бұрышындағы, тақырыбында және 1-тараудың атауындағы ", жіберу" сөз алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005.10.18.  N 128 , өзгерту енгізілді - 2007.11.30.  N 131  (ресми жарияланған күннен кейін жиырма бір күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.

  Банкноттарды, металл ақшаны және құндылықтарды
инкассациялау бойынша операцияларды жүргізуге
лицензияны беру үшін қажетті техникалық талаптар

   1-тарау. Банкноттарды және құндылықтарды
инкассациялау жөніндегі қызметтің бөлмелеріне
қойылатын жалпы талаптар

      1. Инкассация жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғаның мынадай оқшауланған бөлмелері болуы тиіс:
      1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы N 1176  қаулысымен  бекітілген Қазақстан Республикасында қару-жарақтың және оған оқ-дәрінің айналысы ережесіне сәйкес жабдықталған қару-жарақ және оған оқ-дәрі қызметтік қоймасы;
      2) қару-жарақты оқтау/оқты алып тастау бөлмесі;
      3) екінші деңгейдегі банктің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның инкассация жасалған ақша түсімін  қабылдау бойынша кешкі кассасы болмаған жағдайда - банкноттарды, металл ақшаны және құндылықтарды (бұдан әрі - құндылықтар) сақтау қоймасы;
      4) инкассаторлық дорбаларды (қапшықтарды) сақтау және іріктеу бөлмесі;
      5) басшының кабинеті;
      6) инкассация қызметі кезекшісінің, нұсқау жүргізу және бағытқа шығуға дайындық кабинеті(орны);
      7) қызметкерлердің кәсіби және қызмет-әскери дайындық кабинеті, инкассаторлар мен жүргізушілердің, резерв бригадасының демалыс орны;
      8)  алынып тасталды - 2007.11.30.  N 131  (ресми жарияланған күннен кейін жиырма бір күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      9) инкассаторлардың жеке заттарын сақтау.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - 2007.11.30.  N 131  (ресми жарияланған күннен кейін жиырма бір күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      2. Инкассация жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғаның барлық бөлмелері тығыз орналасуы тиіс.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - 2007.11.30.  N 131  (ресми жарияланған күннен кейін жиырма бір күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      3. Инкассаторлық автокөліктердің құндылықтарды алу (тапсыру) орнына кіру жолы бөгде адамдардың инкассаторлардың құндылықтармен жұмыс істеуіне бақылау жасау мүмкіндігінің болмауы тиіс, құндылықтар қоймасына тікелей жақын орналасқан жүкті тиеу және түсіру алаңына немесе инкассаторлық автокөліктің орналасуы үшін арнайы тұрағына ие болуы тиіс.
      4.  Алынып тасталды - 2007.11.30.  N 131  (ресми жарияланған күннен кейін жиырма бір күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      5. <*>
       Ескерту: 5-тармақ алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 18 қаңтардағы  N 6  қаулысымен .

  2-тарау. Қару-жарақты оқтау/оқты алып тастау
бөлмесіне қойылатын талаптар

      6. Қару-жарақты оқтау/оқты алып тастау бөлмесінің барлық қабырғалары қалыңдығы 40 мм кем емес ағаш тақтайлармен қапталуы тиіс.
      7. Бөлменің бір қабырғасы оқ өтпейтіндей болуы тиіс, қарудың оқ ұстаушыға немесе құмы бар жәшікке қатаң түрде бағытталатын қару-жарақты оқтауға/оқты алып тастауға арналған құралы болуы тиіс.
      8. Бөлмеде қару-жарақты оқтау/оқты алып тастау орнын көрсететін және қару-жарақты пайдалану ережесі көрсетілген плакат болуы тиіс.

  3-тарау. Құндылықтарды сақтау бөлмесіне
қойылатын талаптар

      9. Құндылықтар қоймасы (егер заңды тұлғаның инкассация жасалған ақша түсімін  қабылдау бойынша кешкі кассасы болмаса) банктің қоймаларын және кассалық торабын жабдықтау әрі жайғастыру бойынша Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жабдықталады.
      Инкассация жасалған құндылықтар және инкассаторлар бригадасының қару-жарағы бұл жағдайда көрсетілген қоймада сақталады.

  4-тарау. Қызмет бойынша кезекшінің кабинетіне
(орнына) қойылатын талаптар

      10. Инкассация қызметі бойынша кезекшінің кабинетінде (орнында):
      1) қалалық телефон байланысы;
      2) ішкі істер органымен тікелей телефон немесе радио байланыс;
      3) инкассация жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғаны күзетуді жүзеге асыратын субъектімен тікелей телефон байланысы;
      4) бағыттағы инкассация бригадаларымен байланыс үшін радиостанция немесе мобильдік телефон байланысы құралдары;
      5) құжаттарға арналған сейф немесе металл шкафы болуы тиіс.
       Ескерту: 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.01.18.  N 6 , 2007.11.30.  N 131  (ресми жарияланған күннен кейін жиырма бір күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.

  5-тарау. Инкассация қызметі қызметкерлерінің
кәсіби және қызмет-әскери дайындық кабинетіне
қойылатын талаптар

      11. Кабинет табельдік қару-жарақты, жеке және техникалық қорғауды, радиобайланысты, инкассация жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді үйрену үшін жұмыс столдарының қажетті санымен жабдықталады.
      12. Кабинетте табельдік қару-жарақты нысанға көздеуді және оқ атуды ұқсас келтіретін тренажер орнатылады.
      13. Кабинетте техникалық оқыту құралдары, көрнекі құралдар, қару-жарақ бойынша стендтер болуы тиіс.
      14. Кабинет инкассаторлар мен жүргізушілердің, инкассаторлардың резерв бригадасының демалыс орны ретінде пайдаланылуы мүмкін.

                                  "Банк болып табылмайтын заңды
                                 тұлғалардың банкноттарды, металл
                                    ақшаны және құндылықтарды
                                     инкассациялау жөніндегі
                                      қызметін лицензиялау
                                      және реттеу ережесіне
                                            3-қосымша

       Ескерту. 3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі
Басқармасының 2007.11.30.  N 131  (ресми жарияланған күннен кейін
жиырма бір күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

(Кімге)      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
(Кімнен) ___________________________________________________________
                     (өтініш берушінің атауы)

      Банк операцияларын жүзеге асыруға лицензия алуға арналған
                              өтініш
      ______________________________________________________________
                  (банк операциясының түрін көрсету)

     банк операцияларын жүзеге асыруға лицензия беруіңізді өтінемін.

      Өтініш беруші туралы мәлімет:
      1. Меншік нысаны______________________________________________
      2. Мекен-жайы_________________________________________________
            (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй N, телефон, факс)

      Өтінішке қоса берілетін құжаттар:
1.__________________________________________________________________
2.__________________________________________________________________
3.__________________________________________________________________
4.__________________________________________________________________
5.__________________________________________________________________

(Өтініш беруге уәкілетті тұлғаның лауазымы, аты-жөні, әкесінің аты)
____________________________________________________________________
(Қолы, күні)
Мөрдің орны

                                    "Банк болып табылмайтын заңды
                                   тұлғалардың банкноттарды, металл
                                      ақшаны және құндылықтарды
                                       инкассациялау жөніндегі
                                        қызметін лицензиялау
                                        және реттеу ережесіне
                                              4-қосымша

       Ескерту. 4-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі
Басқармасының 2007.11.30.  N 131  (ресми жарияланған күннен кейін
жиырма бір күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

     Атқарушы органның бірінші басшысы туралы мәлімет ____________________________________________________________________
       (басшының лауазымы және ұйымның атауы көрсетіледі)

                        Жалпы мәліметтер:  

Аты-жөні, әкесінің аты (бар болса)

__________________________________________
__________________________________________
(бірінші басшының жеке басын куәландыратын
   құжатқа толық сәйкес келтіре отырып)

Туған күні және
туған жері

____________________________________________________________________________________

Тұрақты тұрғылықты
орны, телефон
нөмірлері

____________________________________________________________________________________  (нақты мекен-жайы, ұялы, қызметтік, үй
телефондарының нөмірлері көрсетіледі, елді
       мекеннің кодын қоса алғанда)

              Еңбек қызметі туралы мәліметтер:

N

Жұмыс кезеңі (ай/жыл)

ұйымның атауы, атқаратын қызметі
және лауазымдық міндеттері, ұйымның
координаттары

                      Басқа мәліметтер:

Коммерциялық және өзге ұйым-
дардағы қызметтік меншік,
мүдделерге қарсы қылмыс,
сыбайлас жемқорлыққа қатысты
қылмыстары, сондай-ақ экономи-
калық қызмет саласында жасал-
ған қылмыстары үшін өтелмеген
немесе заңда белгіленген тәр-
тіппен алынбаған сотталғанды-
ғының болуы

Иә/жоқ
(жойылмаған соттылығы болған
кезде Қазақстан Республикасы
Қылмыстық кодексінің бабын,
үкім шығарылған күнді және
нөмірін көрсету)

      Мен (аты-жөні, әкесінің аты (бар болса) ______________________
____________________________________________________________________
осы ақпаратты мұқият тексергенімді және оның шынайы және толық екенін растаймын, ____________________ (қолы, күні)