Iшкi iстер органдары жанындағы әкiмшiлiк қамауға алынған адамдарды ұстайтын арнаулы қабылдау орындары туралы Ереже мен Iшкi iстер органдары жанындағы арнайы қабылдау орындарында әкiмшiлiк қамауға алынғандарды сақтау туралы Ереженi күшiне енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Iшкi Iстер Министрiнiң бұйрығы 1993 жылғы 4 сәуiрдегі N 133. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1994 жылғы 30 қарашада тіркелді. Тіркеу N 24. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 23 шілдедегі N 499 ~V021963 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.03.31 № 265 Қаулысымен.

      Республикалық және халықаралық маңызы бар орта ғасырлық сәулет өнерiнiң ескерткiшi Қожа Ахмет Иассауи кесенесiн сақтау жөнiндегi Түрiк Республикасының игiлiктi қызметiн ескерiп әрi ескерткiштердi жаңғырту және бiр қалыпта ұстау жөнiндегi Түрiк мемлекеттiк "Вакиф Иншаат" компаниясы жүзеге асырып жатқан жаңғырту жұмыстарын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. "Вакиф Иншаат" компаниясы Қожа Ахмет Иассауи кесенесiн жаңғырту үшiн Түркиядан құрылыс материалдарын, техника, көлiк, жабдықтар мен механизмдер әкелiп, жаңғырту жұмысы аяқталған соң оларды керi жөнелту кезiнде кеден тарифi мен баж салығынан босатылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Еңбек министрлiгi, Көлiк министрлiгi, Мәдениет министрлiгi, Қазақ азаматтық авиация басқармасы, Оңтүстiк Қазақстан облысы мен Түркiстан қаласының әкiмдерi "Вакиф Иншаат" компаниясына Қожа Ахмет Иассауи кесенесiн жаңғыртуда, материалдық-техникалық шикiзаттарды сатып алып, Түркiстан қаласына жеткiзуде көмек көрсетсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi