Арнайы су пайдалануға келiсiм және рұқсат беру тәртiбiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 1994 жылғы 29 желтоқсан N 1482.
Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.01.20. N 56 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң "Қазақстан Республикасының Су кодексiн күшiне енгiзу туралы" 1993 жылғы 31 наурыздағы N 2062 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Су тоғандарын жеке пайдалануға беру тәртiбi туралы Нұсқау бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
      2. Қазақ ССР Министрлер Советiнiң "Су объектiлерiн жеке  пайдалануға беру туралы кепiлдемелердi қозғау және қарау тәртiбi жөнiндегi Нұсқауды бекiту туралы" 1979 жылғы 6 қыркүйектегi N 336 (Қазақ ССР ҚЖ, 1979 ж., N 20, 63-бап) қаулысының күшi жойылған деп танылсын.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi

Қазақстан Республикасы       
Министрлер Кабинетiнiң       
1994 жылғы 29 желтоқсандағы     
N 1483 қаулысымен          
Бекiтiлген            

    Су тоғандарын жеке пайдалануға беру тәртiбi туралы
                       Нұсқау

      1. Бұл Нұсқау су тоғандарын жеке пайдалануға беру жөнiндегi кепiлдемелердi қозғау мен қарау тәртiбiн белгiлейдi және егер заңдарда басқалай көзделмесе, Қазақстан Республикасының барлық су тоғандарына қолданылады.
      2. Заңды ұйымдар мен азаматтарға:
      Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi республика аумағында орналасқан, оның iшiнде қорық деп жарияланған және мемлекеттiк ерекше маңызды, ғылыми және мәдени құндылығы бар кез-келген тұйықталған (ақпайтын) су тоғандарын, сондай-ақ облысаралық пайдаланудағы су тоғандарын Қазақстан Республикасының Су ресурстары жөнiндегi комитетiнiң ұсынуымен;<*>
      - су ресурстарын мемлекеттiк басқару органдарының келiсiмi бойынша:
      облыс әкiмi облыстың әкiмшiлiк шекарасы шегiнде орналасқан ауданаралық пайдаланудағы тұйықталған (ақпайтын) су тоғандарын;
      аудан әкiмi ауданның әкiмшiлiк шекарасы шегiнде орналасқан тұйықталған (ақпайтын) су тоғандарын;
      қала әкiмi қала шетiнiң шегiнде орналасқан тұйықталған (ақпайтын) су тоғандарын жеке пайдалануға бередi.
      Су тоғандары жеке пайдалануға беру барысында халықтың су тұтыну жөнiндегi мұқтажын жалпы су пайдалану тәртiбiмен ескеру қажет.
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақтан сөздер алынып тасталды - ҚРҮ-нiң
1996.08.20. N 1031 қаулысымен
      3. Жеке пайдалануға берiлген су тоғандарында жалпы су пайдалану мемлекеттiк табиғат қорғау және су ресурстарын басқару органдары белгiлеген жағдайда рұқсат етiледi.
      Жеке пайдалануға су тоғанын алған су пайдаланушы жалпы су пайдалану шарттары немесе оған тыйым салынғаны туралы хабарлауға мiндеттi.
      Аталған су тоғандарды мемлекеттiк шекараны қорғауды қамтамасыз ету үшiн, өртке қарсы мұқтаждық үшiн және табиғи апаттардың алдын алу мен жою шараларын жүзеге асыру үшiн пайдалануға шек қоюға жол берiлмейдi.
      4. Жеке су пайдалануға құқық беретiн мемлекеттiк актiнi осы Нұсқаудың 2-тармағында көрсетiлген органдар шешiмiнiң негiзiнде су тоғандары немесе олардың бөлiктерi жеке пайдалануға берiлетiн заңды ұйымдардың тұрғылықты жерi бойынша аудан және қала әкiмдерi бередi.
      5. Су тоғандарын немесе олардың бөлiктерiн жеке пайдалануға алуға мүдделi заңды ұйымдар мен азаматтар объектiнiң тұрған жерiн, су пайдалану мақсатын, шарттары мен мерзiмiн көрсете отырып қажеттi негiздемелермен кепiлдеме қозғайды.
      Кепiлдемеге мынадай құжаттар:
      - су тоғандарының жоспары мен гидрогеологиялық сипаттамасы;
      - жеке су пайдалануды жүзеге асыратын кәсiпорынның немесе басқа объектiнiң сипаттамасы;
      - су тоғаны немесе оның бөлiгi орналасқан аумақтағы жер иеленушiлермен немесе жер пайдаланушылармен су тоғанды жеке пайдалануға беру мәселелерi туралы келiсiм материалдары. Егер су тоғаны колхоз жерiнде орналасқан болса, онда өтiнiшке колхоз мүшелерiнiң жалпы жиналысы (өкiлдерiнiң жиналысы) хаттамасының көшiрмесi тiркелуi тиiс;
      - аталған су тоғанын пайдаланатын кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдар жайлы, олармен суды одан әрi пайдалану (қайтадан) немесе оған құқықты жою шарттарын келiсу жайлы мәлiметтер;
      - су және жер ресурстарын мемлекеттiк басқару, табиғат қорғау, мемлекеттiк санитарлық бақылау, балық қорларын қорғау және басқа мүдделi органдардың қорытындылары;
      - су тоғанын жеке пайдалануға беруге (жаңа кәсiпорындар үшiн) алдын-ала келiсiм жасау құжаты.
      6. Су тоғанын жеке пайдалануға беру туралы кепiлдеме:
      - егер тұйықталған (ақпайтын) су тоғаны аудан әкiмшiлiгi шекарасының шегiнде орналасқан болса - аудан әкiмшiлiгiне;
      - егер тұйықталған (ақпайтын) су тоғаны қала шекарасы шегiнде орналасқан болса - қала әкiмшiлiгiне;
      - егер ауданаралық пайдаланудағы тұйықталған (ақпайтын) су тоғаны облыс әкiмшiлiгi шекарасы шегiнде орналасқан болса - облыс әкiмшiлiгiне;
      - республика аумағында орналасқан тұйықталған (ақпайтын), оның iшiнде қорық деп жарияланған, мемлекеттiк ерекше маңызы бар, ғылыми және мәдени бағалы су тоғандары, сондай-ақ облысаралық пайдаланудағы су тоғандары - Қазақстан Республикасының Су ресурстары жөнiндегi комитет пен Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне жiберiледi.<*>
      ЕСКЕРТУ. 6-тармақтан сөздер алынып тасталды - ҚРҮ-нiң 1996.08.20. N 1031 қаулысымен .
      7. Өз құзырындағы су тоғандарды жеке пайдалануға беру туралы кепiлдемелердi аудан мен қала әкiмдерi 15 күндiк мерзiмде, ал облыс әкiмдерi мен Қазақстан Республикасының Су ресурстары жөнiндегi комитет бiр ай мерзімде қарайды және тиiстi шешiм қабылдайды.<*>
      ЕСКЕРТУ. 7-тармақтан сөздер алынып тасталды - ҚРҮ-нiң
1996.08.20. N 1031 қаулысымен .
      8. Су тоғанын немесе оның бөлiгiн жеке пайдалануға беру туралы шешiм қабылдаған мемлекеттiк орган, оны жеке су пайдалануға құқық беретiн мемлекеттiк актiнi беру жүктелген (мемлекеттiк актiнiң үлгiсi қосымшада келтiрiлген) аудан немесе қала әкiмшiлiгiне, сондай-ақ осы орайда мүддесi қозғалатын ұйымдарға жiбередi.
      9. Егер жеке су пайдалану жаңадан салынып жатқан су пайдаланушы кәсiпорын немесе басқа болашақ объектiлер үшiн көзделген болса - оған мүдделi ұйымдар, мекемелер жобалау-зерттеу жұмысы барысында, су тоғаны құзырына жататын органмен оны жеке пайдалану мәселесiн алдын ала келiсуге мiндеттi.
      Су тоғанын немесе оның бөлiгiн жеке пайдалануға берудi алдын ала келiсу туралы кепiлдеме, осы Нұсқаудың 5, 6 және 7 тармақтарында көзделген тәртiппен жiберiледi және қаралатын болады.
      Су тоғанын немесе оның бөлiгiн жеке пайдалануға беруге алдын ала келiсудiң үш жылдық мерзiмде күшi бар. Бұл мерзiмдi алдын-ала келiсу туралы шешiм қабылдаған орган ұзарта алады.
      10. Су тоғанын (оның бөлiктерiн) жеке пайдалануға беру жөнiндегi материалдар арнайы iс қағаздарында жинақталып, су тоғанын (оның бөлiгiн) жеке пайдалануға берген мемлекеттiк органда сақталады.

Су тоғандарын жеке пайдалануға    
беру тәртiбi туралы Нұсқауға     

             ЖЕКЕ СУ ПАЙДАЛАНУҒА ҚҰҚЫҚ БЕРЕТIН 
                   МЕМЛЕКЕТТIК АКТ

     Бұл мемлекеттiк актiнi ____________________________ қаласының
(ауданының) әкiмi бердi, ___________________________________________
                          (акт берiлетiн су пайдаланушы кәсiпорын,
____________________________________________________________________
     ұйым мекеме атауы мен орналасқан жерi)
Себебi оған мерзiмсiз уақытқа жеке пайдалануға _____________________
___________________________________________________дейiнгi мерзiмге
(су тоғанының немесе оның бөлiгiнiң атауы мен орны)
берiледi.

Су тоғаны жеке пайдалануға _________________________________________
                                    (мемлекеттiк
____________________________________________________________________
    органның қаулысы немесе шешiмi)
негiзiнде __________________________________________________________
___________________________________үшiн_____________________________
    (мақсаты, бағыты)                       (уақыты және нөмiрi)
берiледi.
     Осы мемлекеттiк акт екi дана етiп жасалды, оның бiрiншiсi
су пайдаланушыға берiлдi, екiншiсi _________________________________
аудандық (қалалық) әкiмшiлiгiнде сақталады.
     Осы актiге жеке пайдалануға берiлген су тоғанының (су тоғаны
бөлiгiнiң) жоспары тiркелген.

     Мөрдiң орны                           Аудан (қала) әкiмi
                             "____" _______________________199___ж.