"Көмiр шахталарындағы қауiпсiздiк ережелерiн" бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігі 2000 жылғы 25 қыркүйектегі N 327, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі төрағасының 2000 жылы 13 қазандағы N 235 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 24 қарашада N 1301 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 13 мамырдағы № 150 және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2013 жылғы 16 мамырдағы № 208 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 P960790_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекітiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
      "Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi" бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 104-2-жолмен толықтырылсын:

"104-2  "Салааралық ақпараттың
ғылыми-техникалық орталығы"
республикалық мемлекеттiк
қазыналық кәсiпорны                                   Алматы қаласы."

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. 

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі