Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 13 мамырдағы № 150 және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2013 жылғы 16 мамырдағы № 208 бірлескен бұйрығы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.08.2013 № 906 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған техникалық-экономикалық негіздемелер әзірлеуді немесе түзетуді қаржыландыру, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 002 «Бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың, техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу» бюджеттік бағдарламасының 2013 жылға бөлінетін қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың тізбесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2013 жылғы 8 мамырдағы
№ 459 қаулысымен  
бекітілген     

Техникалық-экономикалық негіздемелер әзірлеуді немесе түзетуді
қаржыландыру, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу,
концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу Қазақстан
Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің
002 «Бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың
техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу немесе түзету,
сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу, концессиялық жобаларды
консультациялық сүйемелдеу» бюджеттік бағдарламасының 2013
жылға бөлінетін қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік
инвестициялық және концессиялық жобалардың
тізбесі

Р/с

Жобаның атауы

Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізуді, қаржыландыру көлемі
(мың теңге)

Концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізуді, қаржыландыру көлемі
(мың теңге)

Концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеуді қаржыландыру көлемі
(мың теңге)

1

2

3

4

5

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

1

Қарағанды қаласында «Қарағанды мемлекеттік медицина университеті» РМК жанында 300 төсектік көп бейінді клиникалық аурухананы салу және пайдалану


41 700,00


2

Алматы қаласында «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» РМҚК жанында 300 төсектік көп бейінді аурухананы салу және пайдалану


38 861,00


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

3

Астана қаласында студенттік қалашықты салу

4 009,90



4

Алматы қаласында студенттік қалашықты салу

7 482,55



5

Астана қаласында М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің қазақстандық филиалы үшін Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқу корпусын салу

1 700,00



Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі

6

Атырау облысында «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағын құру

175 185,00



Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы

7

«Бурабай» кентінде демалыс саябағын салу (жабық аквапарк және белсенді демалыс аймағы бар)

16 071,00



8

Бурабай көлі курорттық аймағының инженерлік инфрақұрылымын салу

20 865,00



Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі

9

Астана қаласының Оңтүстік Батыс айналма жолының құрылысы

15 000




Жиыны:

240 313,45

80 561