Қазақстан Республикасының жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 1993 жылғы 10 желтоқсан N 4100. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2001.05.08. N 198 Заңымен. ~Z010198

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiне Қазақстан Республикасының Кәсiпкерлiктi қолдау мен бәсекелестiктi дамыту қорының ағымдағы есеп шотына қаражат аударуды мемлекеттiк күрделi салымдарды қаржыландырудың шығыс кесте-жоспарының негiзiнде, онда объектiлердi көрсетусiз және басқа құжаттар табыс етусiз жүргiзу ұсынылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Кәсiпкерлiктi қолдау мен

бәсекелестiктi дамыту қоры және оның облыстық бөлiмшелерi:
     Қазақстан Республикасының Экономиканы өзгерту қорынан бөлiнген
қаржыны қайтарымдық пен төлемдiк шарттары бойынша беретiн болсын;
     қаржыландырушы банктермен бiрлесiп, бұл қаржының мақсатты
пайдаланылуын әрi дер кезiнде қайтарылуына бақылау орнатсын;
     Қазақстан Республикасының Экономиканы өзгерту қорының
Үйлестiру кеңесiне 1994 жылдың бiрiншi жарты жылдығының жұмыс
қорытындылары бойынша бөлiнген қаржының пайдаланылуы туралы ақпарат
табыс етсiн.
            Қазақстан Республикасының
              Премьер-министрi