Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңестің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 14 ақпандағы № 753 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 113 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.01.2016 № 43 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі.

      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 4-5/544 бұйрығын, Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 4-5/545 бұйрығын қараңыз.

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) «Шитті мақта сапасы куәлігін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      2) «Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1108 қаулысының 1-тармағының 13) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 67, 973-құжат);
      2) «Мақта қолхаттарын беру арқылы, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 наурыздағы № 305 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 23, 375-құжат).
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2014 жылғы 15 ақпандағы
№ 94 қаулысымен   
бекітілген      

«Шитті мақта сапасы куәлігін беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет – «Шитті мақта сапасы куәлігін беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті «ҚазАгрЭкс» акционерлік қоғамы және оның филиалдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс күнінен кеш емес;
      2) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсыруы үшін рұқсат етілген ең ұзақ күту уақыты – 15 (он бес) минут;
      3) көрсетілген қызметті алушыға рұқсат етілген ең ұзақ қызмет көрсету уақыты – 15 (он бес) минут.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: шитті мақта сапасының қағаз тасығыштағы куәлігі.
      7. Мемлекеттік қызмет ақысыз көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі: мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін көрсетіледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі;
      9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы не сенімхат бойынша оның өкілі осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім ұсынады.
      Мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған өтінім бланкісін Министрліктің www.minagri.gov.kz және көрсетілетін қызметті берушінің www.kazagrex.kz интернет-ресурстарында немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде алуға болады. Өтінім көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне тапсырылады.
      Көрсетілетін қызметті алушыға:
      1) өтінімді қабылдау нөмірі және күні;
      2) сұратылатын мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі;
      3) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу күні (уақыты) және құжаттарды беру орны;
      4) өтінімді қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса);
      5) көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса – жеке тұлға үшін немесе атауы–заңды тұлға үшін), байланыс деректері көрсетілген өтінімді қабылдау туралы қолхат беріледі.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін
қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының
шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде шағым Министрліктің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті (бұдан әрі – Комитет) басшысының атына Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36, 703-кабинет мекенжайы, 8 (7172) 55-59-61 телефоны бойынша беріледі.
      Шағымдар жазбаша нысанда пошта бойынша не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы, Комитеттің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
      Шағымда көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), пошталық мекенжайы, шағым беру күні және көрсетілетін қызметті алушының қолы көрсетіледі.
      Шағым берген кезде әрекетіне немесе әрекетсіздігіне шағым берілетін лауазымды адамның лауазымы, тегі мен аты-жөні, жүгіну себептері және талаптары көрсетіледі.
      Шағымды беру күні мен уақыты, қабылдаған лауазымды адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетілген талон шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Комитеттің басшысына жолданады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Комитеттің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
      Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа өтініш білдіруге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге
талаптар

      12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
      1) Министрліктің – www.minagri.gov.kz;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің – www.kazagrex.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
      13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жетімділік режимінде Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алу мүмкіндігі бар.
      14. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.minagri.gov.kz және www.kazagrex.kz интернет-ресурстарында көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

«Шитті мақта сапасы куәлігін беру»    
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
қосымша                  

20__ жылғы «___» ________________

Шитті мақта сапасына сараптама жүргізуге
№ _____ өтінім

Өтінім беруші _______________________________________________________
Мекенжайы ___________________________________________________________
Телефон, факс _______________________________________________________
_______________________________ мақта өңдеу ұйымында сақтауда тұрған,
           (атауы)
___________________________________________________________ арналған,
                 (мақсаты көрсетілсін)
массасы _______________________________________________________ тонна
                            (жазбаша)
шитті мақта партиясының сапасына сараптама жүргізуді сұраймын.

      Сынақтар мынадай сынақ көрсеткіштері мен әдістері бойынша
жүргізіледі:
_____________________ ________________________________ ______________
 (көрсеткіш атауы)    (стандарттың нөмірі және күні)      (норма)

Өтінім беруші ______________ ________________________________________
                  (қолы)                       (Т.А.Ә.)

М.О.

Зертхана (орталық) маманы ______________________ орындауға жіберілді.
                                 (Т.А.Ә.)

Орындалуы туралы белгі: _____________________________________________

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2014 жылғы 15 ақпандағы
№ 94 қаулысымен   
бекітілген      

«Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер
көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның
телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет – «Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызмет облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде:
      лицензия беру кезінде – 10 (он) жұмыс күнінен кеш емес;
      лицензияны қайта ресімдеу кезінде – 7 (жеті) жұмыс күнінен кеш емес;
      лицензияның телнұсқасын беру кезінде – 2 (екі) жұмыс күнінен кеш емес;
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат етілген ең ұзақ күту уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды;
      3) рұқсат етілген ең ұзақ қызмет көрсету уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия (бұдан әрі – лицензия), қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасы не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден жауаптан бас тарту туралы.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
      Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қағаз тасығышта алуға өтініш білдірген жағдайда лицензия басылып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен және басшысының қолымен расталады.
      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес қызметпен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымды көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша бюджетке төлейді:
      1) осы қызмет түрімен айналысу құқығына лицензия беру кезінде лицензиялық алым 10 (он) айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – AЕК) құрайды;
      2) лицензияларды қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлемеден 10 %-ды құрайды, бірақ 4 АЕК-тен аспайды;
      3) лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлемеден 100 %-ды құрайды.
      Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол немесе қолма-қол емес нысанда екінші деңгейлі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
      Портал арқылы электрондық сұрау берілген жағдайда төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) немесе екінші деңгейлі банктер арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
      Порталға көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне лицензиялық алымның төленгені туралы электрондық чек жіберіледі. Төлем туралы ақпарат көрсетілетін қызметтерге төлем жасау тарихында сақталады.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі;
      2) порталдың – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш білдірген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) лицензия алу үшін:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе куәлік;
      көрсетілетін қызметті алушыны салық органында есепке қою туралы куәліктің (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесі;
      жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесі;
      біліктілік талаптарына сәйкес құжаттар.
      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы және көрсетілетін қызметті алушыны салық органында есепке қою туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші портал арқылы алады және олардағы ақпаратты уәкілетті лауазымды адамдардың электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алу мүмкіндігі болған жағдайда талап етілмейді;
      2) лицензияны қайта ресімдеу үшін:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      лицензияны қайта ресімдеу үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесі;
      3) көрсетілетін қызметті алушы лицензияны жоғалтқан, бүлдірген кезде порталдағы тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтер алу мүмкіндігі болмаған кезде ғана көрсетілетін қызметті берушіге мына құжаттарды ұсына отырып өтініш береді:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      лицензияны қайта ресімдеу үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесі;
      порталға:
      1) лицензия алу үшін:
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау;
      ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда, бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы ақпарат.
      Мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мәліметтерін, ЭҮТШ арқылы бюджетке лицензиялық алымның төленгені туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті беруші тиісті уәкілетті лауазымды адамдардың ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында портал арқылы алады;
      2) лицензияны қайта ресімдеу үшін:
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау;
      ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда, бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі түріндегі құжат;
      3) көрсетілетін қызметті алушы лицензияны жоғалтқан, бүлдірген кезде порталдағы тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтер алу мүмкіндігі болмаған кезде ғана көрсетілетін қызметті берушіге мына құжаттарды ұсына отырып өтініш береді:
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау;
      ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда, лицензияның телнұсқасын беру үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі түріндегі құжат.
      Мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі лицензия және ЭҮТШ арқылы бюджетке лицензиялық алымның төленгені туралы құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті лауазымды адамның ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында портал арқылы алады.
      Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері түпнұсқаларды көшірмелерімен және мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтермен түпнұсқалығын салыстырып тексереді, содан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
      Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылардан талап етуге рұқсат етілмейді.
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге – қағаз тасығыштағы өтініштің алынғанын растау құжаттар пакетін қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы оның өтінішінің көшірмесіндегі белгі болып табылады;
      2) портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұраудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
      10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер:
      1) осы субъектілер санаты үшін қызмет түрімен айналысуға Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынуы;
      2) қызмет түріне лицензия беруге өтінім берілген жағдайда жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның енгізілмеуі;
      3) көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
      4) келісім беретін мемлекеттік органның көрсетілетін қызметті алушыға лицензия беруге келісім бермеуі;
      5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оған жекелеген қызмет түрімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімінің болуы;
      6) сот орындаушысы ұсынымының негізінде соттың көрсетілетін қызметті алушыға лицензия алуға тыйым салуы болып табылады.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың
лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданған кезде шағым www.minagri.gov.kz интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған мекенжайлар бойынша тиісті көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
      Шағымдар жұмыс күндері жазбаша нысанда пошта бойынша не Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайларда электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
      Шағымды қабылдаған тұлғаның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу күні мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты адамды айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолданады.
      Көрсетілетін қызмет берушінің атына келіп түскен көрсетілген қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
      Электрондық өтінішті портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартылатын шағымның қаралу барысы туралы ақпарат (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа өтініш білдіруге құқығы бар.

4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін
қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге талаптар

      13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары www.minagri.gov.kz интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал арқылы алу мүмкіндігі бар.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жетімділік режимінде порталдағы жеке кабинеті арқылы, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алу мүмкіндігі бар.
      16. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

«Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма  
қызметі бойынша қызметтер көрсетуге   
лицензия беру, қайта ресімдеу,      
лицензияның телнұсқаларын беру»      
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша                

_____________________________________________________________________
(көрсетілетін қызмет беруші лицензиардың толық атауы)
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, БСН деректемелері)

Өтініш

____________________________________________________________________
                     (қызмет түрі көрсетілсін)

бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия беруді, лицензияны қайта
ресімдеуді, лицензияның телнұсқасын беруді сұраймын (қажеттісінің
асты сызылсын).
Мекенжайы __________________________________________________________
             (Индексі, қала, аудан, облыс, телефон, факс, е-mail)
_____________________________________________________________________
Банктік шоты ________________________________________________________
                (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері,
                              телефон, факс, е-mail)
Филиалдар (өкілдіктер, объектілері, пункттер, учаскелер) ____________
_____________________________________________________________________
                 (орналасқан жері және деректемелері)
Қоса берілетін құжаттар: ____________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Басшы ____________ __________________________________________________
         (қолы)          (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

Мөр орны 20__ жылғы ___________

Өтініш 20__ жылғы _____________ қарауға қабылданды
_____________________________________________________________________
     (жауапты адамның қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

«Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма  
қызметі бойынша қызметтер көрсетуге   
лицензия беру, қайта ресімдеу,     
лицензияның телнұсқаларын беру»     
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша                 

Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер
көрсетуге жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын
біліктілік талаптарына сәйкестік туралы мәліметтер нысаны

      Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуын
кепілдендіру жүйесіне қатысу шартының нөмірі және күні ______________

      Мақта тазалау зауытына меншік құқығын және үшінші тұлғалардың
міндеттемелері бойынша оған ауыртпалықтың жоқтығын растайтын
жылжымайтын мүлікке және онымен жасалған мәмілелерге құқықтарды
тіркеу органы анықтамасының нөмірі және күні ________________________

      Мақта тазалау зауытында бар-жоғы туралы мәліметтер:

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

20__ жылғы «__» ________ қолда бары

Жай-күйі

1

2

3

4

Мақта қабылдау пункті

дана



Шитті мақтаны мақта талшығына бастапқы қайта өңдеу бойынша технологиялық операцияларды жүзеге асыруға арналған жабдық

сағатына дана/тонна



Таразы жабдығы

дана



Желдету жабдығы

дана



Тиеу-түсіру механизмдері

дана



Мақтаның сапасын анықтауға арналған өндірістік-технологиялық зертхана

дана



Мақтаны сақтауға арналған арнайы орын




      Мақта тазалау зауыты орналасқан жерден тыс орналасқан мақта
қабылдау пунктінде бар-жоғы туралы мәліметтер:

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

20__ жылғы «__» ________ қолда бары

Жай-күйі

1

2

3

4

Шитті мақтаны қоймаға жинауға және сақтауға арналған ашық (жабық) алаң

шаршы метр



Таразы жабдығы

дана



Шитті мақтаның сынамаларын іріктеп алуға және сапасын айқындауға арналған зертханалық жабдық

сағатына дана/тонна



Тиеу-түсіру механизмдері

дана



      Мақта тазалау зауытында, сондай-ақ мақта тазалау зауыты
орналасқан жерден тыс орналасқан мақта қабылдау пунктінде өткізу
режимінің бар-жоғы болуы, аумақтың қоршалуы туралы мәліметтер
_____________________________________________________________________

      Тиісті білімі бар техникалық басшылар мен мамандардың білікті
құрамының бар-жоғы туралы мәліметтер:

Р/с

Маманның Т.А.Ә.

Лауазымы

Білімі бойынша мамандығы

Мамандығы бойынша жұмыс өтілі

1

2

3

4

5