"Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры басқару кеңесінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 28 желтоқсандағы № 1509 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы а

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 113 Жарлығы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Жарлық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс       

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару кеңесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 28 желтоқсандағы № 1509 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 51, 675-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару кеңесі туралы ережеде:
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Кеңестің негізгі міндеттері Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын (бұдан әрі - Қор) пайдалану және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Президентіне жәрдем көрсету және ұсынымдар әзірлеу болып табылады.»;
      5-тармақ мынадай мазмұндағы 4), 5), 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
      «4) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқарудың тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
      5) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялау бағыттары бойынша ұсыныстарды қарау және әзірлеу;
      6) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін айқындау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
      7) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметі туралы жыл сайынғы есепті қарау болып табылады.»;
      6-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) Қор қызметі және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару мәселелерін талқылауға мемлекеттік органдардың, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарының өкілдерін тартуға;».
      2. Мына:
      1) «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңестің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 14 ақпандағы № 753 Жарлығының;
      2) «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір өкімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 қыркүйектегі № 911 Жарлығымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 55-56, 538-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 25-тармағының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы Жарлық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н. Назарбаев