Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясын одан әрi iске асыру жөнiндегi шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2000 жылғы 17 ақпан N 344 Күші жойылды - ҚР Президентінің 2002.03.28. N 827 жарлығымен. ~U020827

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
      1. "Көкшетау техникалық институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны "Көкшетау техникалық институты" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - Мекеме) қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын. 
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгіленген тәртіппен 2000 жылға арналған республикалық бюджетте осы мақсатқа көзделген қаражаттың есебінен Мекемені қаржыландыруды қамтамасыз етсін. 
      3. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі заңдарда белгіленген тәртіппен: 
      1) Мекеменің жарғысын бекітсін; 
      2) Мекемені мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін; 
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.     

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі