Қазақстан Республикасы Парламентi 2001 жылғы 26 маусымда қабылдаған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестiлiгi туралы

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің қаулысы 2001 жылғы 9 шілде N 12/2

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облыстық мәслихатының IV сессиясының 29.09.2016 N 91 шешімімен (қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығына - қайырымдылық істер" қозғалысын ұйымдастыру жөніндегі тапсырмасын орындау, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 24 қаңтардағы Z010152_ "Жер туралы" N 153-II ҚРЗ Заңының 8 бабы 6 тармағының негізінде әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілер құрылысын жандандыру мақсатында облыстық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қарағанды қаласының N 204 тіркеу мөлтек ауданының жерге төлейтін төлемақысының базалық ставкасының түзету коэффициенті 0,5 болып бекітілсін.
      2. Қарағанды қаласының әкімі К.К. Изаак Қарағанды қаласының N 204 тіркеу мөлтек ауданынан әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілер құрылысы үшін әртүрлі меншік иесіндегі шаруашылық субъектілеріне жер телімдерін бөлу мәселелерін шешуде осы шешімді басшылыққа алсын.
      Сессия төрағасы
      Облыстық мәслихат хатшысы