Қазақстан Республикасы Конституциясының 26-бабы 3-тармағын және 76-бабы 2-тармағын ресми түсiндiру туралы

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің қаулысы 2000 жылғы 20 желтоқсан N 21/2

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 6 наурыздағы N 207  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 8, 59-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: 
      көрсетілген қаулымен бекітілген, Заңдарға сәйкес мемлекеттік мекеме болып қайта ұйымдастыруға жататын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қарауындағы мекемелердің тізбесіндегі:
      реттік нөмірі 51-жол алынып тасталсын;
      реттік нөмірі 53-жолдағы "аймақтық" деген сөз "аумақтық" деген сөзбен ауыстырылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі