Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің қаражатын пайдаланудың тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 қыркүйектегі N 1408
P991408_
қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің қаражатын пайдаланудың тәртібінде:
1-тармақтың төртінші абзацындағы, 2 және 5-тармақтардың 2) тармақшасындағы, сондай-ақ 4-тараудың атауындағы және 11-тармақтағы "атқарушы органдардың" деген сөздер "мемлекеттік органдардың және олардың аумақтық бөлімшелерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
11-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"Қолданыстағы заңдардағы көзделген негіздемелер болған жағдайда сот шешімдері бойынша төлемдер жүргізуге міндетті орталық мемлекеттік органдар және олардың аумақтық бөлімшелері осы шешімдерге барлық сот сатыларында шағым беруге тиіс.
Орталық мемлекеттік органдар және олардың аумақтық бөлімшелері шағым берілген сот кесімдерінің көшірмелерін республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне беруі тиіс.
Орталық мемлекеттік органдар және олардың аумақтық бөлімшелері өздерінің заңсыз қабылдаған кесімдері үшін, сондай-ақ өздерінің лауазымды адамдарының әкімшілік басқару саласындағы заңсыз іс-әрекеттері үшін оларға "Әкімшілік шығыстар" бағдарламасы бойынша бөлінген ақшамен жауап береді";
13-тармақтағы "атқарушы органдардың", "орталық атқарушы" деген сөздер тиісінше "мемлекеттік органдардың және олардың бөлімшелерінің", "тиісті орталық мемлекеттік" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі