"Қазақстан Республикасының Үкіметі резервтік қорының қаражатын пайдаланудың тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 22 сәуірдегі N 620 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1998 жылғы 18 желтоқсан N 1300. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.09.18. N 1408 қаулысымен. ~P991408

      "Қазақстан Республикасында Жинақтаушы зейнетақы қорының өз капиталын қалыптастыру туралы ережені" қолданылып жүрген заңдарға сәйкес келтіру мақсатында бұйырамын:
      1. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлттық зейнетақы агенттігінің 1997 жылғы 27 тамыздағы N 2-Ө бұйрығымен  бекітілген (1997 жылғы 17 қыркүйектегі мемлекеттік тіркелім N 374), 1998 жылғы 22 мамырдағы N 68-Ө өзгерістермен және толықтырулармен (1998 жылғы 3 шілдедегі мемлекеттік тіркелім N 90) "Қазақстан Республикасында Жинақтаушы зейнетақы қорының өз капиталын қалыптастыру туралы ережеге" өзгеріс бекітілсін.
      2. Заң бөлімі (Ремкевич И.А) "Қазақстан Республикасында Жинақтаушы зейнетақы қорының өз капиталын қалыптастыру туралы ережеге" өзгерісті белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуге Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберсін.

      Директор

Бекітілді          
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігінің
Ұлттық зейнетақы агенттігінің
1998 жылғы 18 желтоқсандағы
N 176-ө бұйрығымен

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлттық зейнетақы
агенттігінің 1997 жылғы 27 тамыздағы N 2-Ө бұйрығымен
бекітілген (1997 жылғы 17 қыркүйектегі мемлекеттік
тіркелім N 374), 1998 жылғы 22 мамырдағы
N 68-Ө өзгерістермен және толықтырулармен
(1998 жылғы 3 шілдедегі мемлекеттік тіркелім N 90)
"Қазақстан Республикасында Жинақтаушы
зейнетақы қорының өз капиталын қалыптастыру
туралы ережеге" өзгеріс

      1. 2-тараудың 2.3-тармағындағы "осы өзгерістер бекітілген сәттен бастап алты айдың ішінде" деген сөздер "1999 жылғы 1 сәуірге дейінгі мерзімде" деген сөздермен ауыстырылсын.