Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 қыркүйектегі N 1408 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 ақпан N 230 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 1405 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. 1999 жылғы 14 қазандағы N 25-12-619 келісімшартқа сәйкес Қазан мотор жасау өндірістік бірлестігі үшін "Узавиатехснаб" акционерлік қоғамы беретін, саны 3 дана авиадвигательдің Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Ресей Федерациясына транзитіне рұқсат етілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі

 

қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ете отырып транзиттік тасымалды темір жол

көлігімен жүзеге асыруды қамтамасыз етсін.

     3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден

комитеті заңдарда белгіленген тәртіппен транзиттік тасымалды бақылауды

қамтамасыз етсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



     Оқығандар:

              Омарбекова А.Т.

              Қасымбеков Б.А.