Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1999 жылғы 20 мамыр N 592. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.09.11. N 993 қаулысымен. ~P020993

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Әуе кемелерін сатып алу" жобасын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 24 желтоқсандағы N 1330 P981330_ қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. "Қазақстан Республикасының 1996-1998 жылдарға арналған мемлекеттік инвестициялар бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1388 P981388_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 50, 475-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының 1996-1998 жылдарға арналған мемлекеттік инвестициялар бағдарламасының 3-қосымшасында:
      реттік нөмірі 15-жол алынып тасталсын.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі аталған қаулының негізінде берілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігін жойсын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

      Оқығандар:
      Қобдалиева Н.
      Омарбекова А.