Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 мамырдағы N 592 және 1999 жылғы 3 қарашадағы N 1645 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 17 қаңтар N 58. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.09.11. N 993 қаулысымен. ~P020993

      "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 20 шілдедегі Конституциялық  заңын  іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мұражай) құрылсын. 
      2. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен: 
      Мұражайдың жарғысын бекітсін және оның мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 
      осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 
      3. Алматы қаласы мен Алматы облысының әкімдері Мұражайдың экспозициясын және қорларын қалыптастыруда қажетті көмек көрсетілуін қамтамасыз етсін. 
      4. Мұражайды қаржыландыру Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігіне республикалық бюджетте 41 "Тарихи-мәдени құндылықтарды республикалық деңгейде сақтау" бағдарламасы бойынша көзделетін қаражаттың есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін. 
      5. <*>
       Ескерту. 1)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.11.24. N 1172   қаулысымен .
       Ескерту. 5-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.06.01. N 604   қаулысымен .
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.     

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі