Әкелiнетiн тауарларға кеден бажының ставкалары туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 14 қарашадағы N 1389 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006.08.14. N 765 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Тауар биржалары жөнiндегi республикалық комиссия туралы, тауар биржаларын лицензиялау туралы Ережелердi және Тауар биржалары жөнiндегi республикалық комиссияның құрамын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 30 мамырдағы N 755 P950755_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 19, 216-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Тауар биржалары жөнiндегi республикалық комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн:
      Ябров В.В. - Қазақстан Республикасы Үкiметi Аппаратының
                           жауапты қызметкерi, төрағаның орынбасары
      Бектемiсов Н.Б. - Қазақстан Республикасы Экономика
                           министрлiгiнiң Шағын және орташа бизнестi,
                           нарықтық инфрақұрылымды дамыту
                           басқармасының бастығы;
      көрсетiлген құрамнан А.И.Савелов, Б.Ғ.Мұхамеджанов, Н.Ғ.Мұхамеджанов, Р.Ж.Әзiмов, Е.С.Досмағамбетов шығарылсын.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi