Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.06.2007 N 553 қаулысымен.
     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
     1. "Қазақстан Республикасында бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі жұмыс пен мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыру процестерін үйлестіру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1384  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 50, 473-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: 
     Бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі жұмыс пен мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыру процестерін үйлестіру жөніндегі комиссияның құрамына енгізілсін: 
     Жандосов             - "KEGOC" ашық акционерлік 
     Ораз Әлиұлы            қоғамының президенті, 
                            төрағаның орынбасары болып 
                            (келісім бойынша).      
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
      Қазақстан Республикасы 
     Премьер-Министрінің 
     бірінші орынбасары