Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 14 қарашадағы N 1389 қаулысына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 23 қыркүйектегі N 968 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006.08.14. N 765 қаулысымен

      "Қазақстан Республикасының Yкiметi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 9-бабының 8) тармақшасына сәйкес және заңнамалық кесiмдерде көзделмеген мемлекеттiң кiрiстерiн пайдаланудың бағыттарын анықтау мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (келiсiм бойынша) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Монетарлық операциялар департаментiнiң шотына түскен саны 12500 трой унциясы сары металды сатсын.

      2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген сары металды сатудан түсетiн қаражат Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де түсiмдер мен кiрiстер ретiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына есептеледi деп белгiленсiн.

      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi осы қаулының орындалуы жөнiндегi қажеттi шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі