Шаруашылық жүргiзушi субъектiлер - табиғи монополияшылардың өнiмдерiне бағаны реттеу туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 19 қазандағы N 1171 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 наурыздағы N 258 қаулысымен.

      Бағаның өсуi және экономикада төлемдердiң жасалмауы шаруашылық жүргiзушi субъектiлер - табиғи монополияшылардың өнiмiне баға өктемдiгiн орнатуға байланысты екенiн ескерiп, сондай-ақ жаңа баға саясатын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi: 
      екi апта мерзiм iшiнде шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң республикалық және жергiлiктi рыноктардағы басымдық жағдайын анықтау жұмыстарын жүргiзсiн; 
      Қазақстан Республикасының шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi - табиғи монополияшыларды Мемлекеттiк тiзiлiмнен өткiзумен қатар шаруашылық жүргiзушi субъектiлер - табиғи монополияшылар: құбыр желiлерi арқылы мұнай және газ тасымалдау жөнiндегi кәсiпорындарды, темiр жол көлiгiн, байланысты, электр энергетикасын, су шаруашылығы жүйелерiн, аэронавигацияны, әуе қозғалысын басқаруды әуежаймен (қызмет көрсету) атын атап Мемлекеттiк тiркеуден өткiзсiн; 
      1994 жылдың 1 қарашасына дейiн шаруашылық жүргiзушi субъектiлер - табиғи монополияшылардың аты аталған Мемлекеттiк тiркелiмiн республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын. 
      Монополиялық бағалардың деңгейiне бақылауды күшейту үшiн Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне: 
      Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасының Статистика және анализ жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң келiсуiмен өнiмнiң (жұмыстың, қызмет көрсетудiң) өзiндiк құнына кiретiн шығындардың құрамы туралы қолданылып жүрген Ережеге сай министрлiктердiң (ведомстволардың) ұсынуы бойынша шаруашылық жүргiзушi субъектiлер - табиғи монополияшылар өндiрiп және сатып отырған өнiмнiң (жұмыстың, қызмет көрсетудiң) өзiндiк құнына кiретiн шығындардың құрамы туралы салалық ережелердi бекiтуге; 
      өзiндiк құнның, өндiрiс көлемдерi мен инфляция деңгейiнiң өзгеруiне байланысты шаруашылық жүргiзушi субъектiлер - табиғи монополияшылардың монополиялық жоғары пайдасын реттеу туралы шешiмдер қабылдауға рұқсат берсiн. 
       Ескерту. 1-тармақтың 3-шi абзацында сөздер алмастырылған -   ҚРМК-нiң 1995.04.27. N 565 қаулысымен.
       Ескерту. 1-тармақтың 3-шi абзацынан сөздер алынып тасталды - ҚРМК-нiң 1995.05.04. N 610 қаулысымен.
         Ескерту. 1-тармақтың 3-шi абзацына өзгерiстер енгiзiлдi -   ҚР Үкiметiнiң 1996.03.12. N 301  қаулысымен
       ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгертiлдi - ҚР Үкiметiнiң 1997.05.08. N 811  қаулысымен
       ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгертiлдi - ҚР Үкiметiнiң 1997.05.13. N 828  қаулысымен
       ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгертiлдi - ҚР Үкiметiнiң 1997.08.08. N 1243  қаулысымен .
      2. Тұтынушылардың құқын қорғау мақсатында шаруашылық жүргiзушi субъектiлер - табиғи монополияшылардың өнiмiне баға көтеру жиiлiгi тоқсанына бiр реттен аспайтын етiп тоқсан басындағы айдың 1-күнi бұқаралық ақпарат құралдарында алдын ала хабарлана отырып жүргiзiледi деп бекiтiлсiн. Бағаның көтерiлуi туралы алдын ала хабарлау тәртiбiн бұзған кәсiпорындар - табиғи монополияшыларға Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 17 наурыздағы N 245 қаулысымен бекiтiлген (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 11, 197-бап) Мемлекеттiк баға тәртiбiн бұзушылыққа экономикалық санкциялар қолданудың тәртiбi туралы Ережеде көзделген экономикалық санкциялар қолданылады. 
       Ескерту. 2-тармағының талаптары ерекшелiк ретiнде қаралып, 
               Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр 
               өнеркәсiбi министрлiгi мен Қазақстан Республикасының 
               Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi 
               мемлекеттiк комитетi электрэнергиясына қолданылып 
               жүрген тарифтердi 1996 жылдың 1 ақпанынан бастап 
               орта есеппен 4 процентке арттырсын - ҚР Үкiметiнiң 
               1996.01.25. N 102  қаулысымен .

      3. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi Қазақстан Республикасының Статистика және анализ жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен бiрге келесi тоқсанға болжамдап отырған инфляцияның қарқыны туралы ақпаратты өтiп жатқан тоқсанның соңғы айының 25-не дейiн орталық баспасөзде жариялайтын болсын. 
      4. Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi 1995 жылдың 1 қаңтарына дейiн мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдарының, бюджеттiк ұйымдарының (мемсараптау, денсаулық сақтау мен бiлiм берудiң мемлекеттiк мекемелерi, жерге орналастыру, тазалық-эпидемиологиялық және ветеринарлық қадағалау, автомобиль инспекциясы және басқалар) ақы төленетiн жұмыстары мен қызмет көрсетулерiне баға прейскуранттары мен тарифтерiн белгiлесiн. 
      5. Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Мемлекеттiк қаржы бақылау комитетi, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бас салық инспекциясы 1994 жылдың 1 қарашасына дейiн мемлекеттiк кәсiпорындар - табиғи монополияшылардың қатысуымен құрылған олардың қызметiн қайталайтын шаруашылық жүргiзушi құрылымдарды анықтап, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң келiсуiмен оларды таратсын. Осы құрылымдарға қосылған мемлекет қаражатын, дивидендттерiн ескере отырып, қайтаруды қамтамасыз етсiн. Технологиялық жағынан қажет мемлекеттiк меншiк нысанындағы кәсiпорындардан басқа мұндай шаруашылық жүргiзушi субъектiлер құруға алдағы уақытта тыйым салынсын. 
      6. Экономикада бағаны жаудыруды азайту мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Экономика министрлiгi, Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi жергiлiктi әкiмдермен бiрлесе отырып, 1994 жылдың 1 желтоқсанына дейiн әлеуметтiк, мәдени, тұрмыстық объектiлердi шаруашылық жүргiзушi субъектiлер - табиғи монополияшылардың балансынан жергiлiктi әкiмдердiң қарауына кезең-кезеңмен өткiзу механизмiн әзiрлесiн. 
      7. Қазақстан Республикасының Статистика және анализ жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Баға жөнiндегi монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң келiсуiмен 1994 жылдың 1 қарашасына дейiн шаруашылық жүргiзушi субъектiлер - табиғи монополияшылардың өнiмге (жұмысқа, қызмет көрсетуге) кеткен шығындардың құрамы жөнiнде ай сайын толық есеп берiп тұруды енгiзсiн. 
      8. Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қаржы министрлiгiнiң Бас салық инспекциясы, Қазақстан Республикасының Қаржы бақылау комитетi шаруашылық жүргiзушi субъектiлер - табиғи монополияшылардың нақты шығын құрамы мен түскен пайдасының көлемiне кем дегенде жарты жылда бiр рет бiрлесiп тексеру жүргiзiп отырсын. Тексеру нәтижелерiнде Үкiметке баяндап отырсын. 
      9. Үкiмет шешiмдерiне енгiзiлетiн қоса берiлiп отырған өзгертулер бекiтiлсiн. 
      10. Қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын. 
      11. Министрлiктер мен ведомстволар, жергiлiктi әкiмдер бұрын қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкестендiретiн болсын. 

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi

Қазақстан Республикасы   
Министрлер Кабинетiнiң   
1994 жылғы 19 қазандағы   
N 1171 қаулысымен     
Бекiтiлген     

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiне енгiзiлетiн
ӨЗГЕРТУЛЕР

      1.
      2.
       Ескерту. 1,2-шi тармақтардың күшi жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.03.19. N 331  қаулысымен .
      3.
      4.
       Ескерту. 3,4-шi тармақтар күшiн жойған - ҚРМК-нiң 1995. 09.26. N 1283  қаулысымен .

      5. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiс енгiзу және күшi жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 24 қарашадағы N 1176 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993ж., N 46, 550-бап):
      3-тармағының:
      а) "б" тармақшасындағы "баға белгiлеу органдарына" деген сөздер "Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне және оның аумақтық органдарына" деген сөздерiмен алмастырылсын; 
      ә) "е" тармақшасының екiншi абзацындағы "Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң жанындағы Баға комитетi, облыс әкiмдерiнiң, Алматы және Ленинск қалалық әкiмдерiнiң баға белгiлеу органдары" сөздерi "Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, оның аумақтық органдары" деген сөздермен алмастырылсын; 
      б) "и" тармақшасындағы "Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң жанындағы Баға комитетiнiң және облыс әкiмдерiнiң, Алматы және Ленинск қалалық әкiмдерiмен баға белгiлеу органдарының шешiмдерiн" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң, оның аумақтық органдарының шешiмдерiн" сөздерiмен алмастырылсын; 
      в) "к" тармақшасындағы "баға белгiлеу органдары" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң аумақтық органдары" сөздерiмен алмастырылсын; 
      г) "л" тармақшасындағы "баға белгiлеу органдары" және "Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiнiң жанындағы Баға комитетiне" деген сөздер тиiсiнше "Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң аумақтық органдары" және "Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне" деген сөздермен алмастырылсын; 
      д) "н" тармақшасындағы "Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң жанындағы Баға комитетi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi" деген сөздермен алмастырылсын.

Қазақстан Республикасы    
Министрлер Кабинетiнiң    
1994 жылғы 19 қазандағы   
N 1171 қаулысымен      
Бекiтiлген      

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған шешiмдерiнiң
ТIЗБЕСI 

      1. "Бағаны ырықтандыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 3 қаңтардағы N 3 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 1, 7-бап) 10 және 14-тармақтары.
      2. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Мемлекеттiк баға тәртiбiн бұзғаны үшiн экономикалық санкция қолдану тәртiбi туралы Ереженi бекiту туралы" 1992 жылғы 17 наурыздағы N 245 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 11, 197-бап) бекiтiлген Мемлекеттiк баға тәртiбiн бұзғаны үшiн экономикалық санкция қолдану тәртiбi туралы Ереженiң 10-тармағының бесiншi абзацы, 11-тармағының бесiншi және жетiншi абзацтары. 
      3. "Мемлекеттiк баға тәртiбiн бұзғаны үшiн экономикалық санкциялар қолдану тәртiбi туралы Ережеге толықтырулар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 28 тамыздағы N 714 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 34, 519-бап). 
      4. "Сауда және жабдықтау-өткiзу ұйымдары бойынша сауда үстемелерiнiң мөлшерлерi мен рентабельдiктiң шектi деңгейлерi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 2 қыркүйектегi N 735  қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 356 550-бап) 2-тармағы. 
      5. "Монополист кәсiпорындардың еркiн (нарықтық) бағалар бойынша өткiзетiн өнiмдерiне бағаларды мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 29 қыркүйектегi N 814 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 37, 570-бап) 2-тармағы және 6-тармағының екiншi абзацы. 
      6. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 28 маусымдағы N 547 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 25, 304-бап) 1-тармағының сегiзiншi - он екiншi абзацтары және 2-тармағы. 
      7. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiс енгiзу және күшi жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 24 қарашадағы N 1176 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 46, 550-бап) 2-тармағының "а" тармақшасы және 3-тармағының "е" тармақшасы. 
      8. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Ұлттық валютаның енгiзу жағдайында бағаның өсуiн шектеу жөнiндегi төтенше шаралар туралы" 1993 жылғы 12 қарашадағы N 1121  қаулысына толықтырулар мен өзгертулер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 28 желтоқсандағы N 1302  қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 50, 604-бап) 1-тармағының алтыншы абзацы және 3-тармағы. 
      9. "Жекелеген қызмет түрлерiне тарифтер туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 16 маусымдағы N 639  қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 26, 275-бап) 1-тармағының екiншi абзацы.