Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Ұлттық валютаны енгiзу жағдайында бағаның өсуiн шектеу жөнiндегi төтенше шаралар туралы" 1993 жылғы 12 қарашадағы N 1121 қаулысына толықтырулар мен өзгертулер енгiзу туралы Ескерту. 1-шi тармақтың 10-12-абзац

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 28 желтоқсан 1993 ж. N 1302. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiне Қазақстан Республикасының Кәсiпкерлiктi қолдау мен бәсекелестiктi дамыту қорының ағымдағы есеп шотына қаражат аударуды мемлекеттiк күрделi салымдарды қаржыландырудың шығыс кесте-жоспарының негiзiнде, онда объектiлердi көрсетусiз және басқа құжаттар табыс етусiз жүргiзу ұсынылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Кәсiпкерлiктi қолдау мен

бәсекелестiктi дамыту қоры және оның облыстық бөлiмшелерi:
     Қазақстан Республикасының Экономиканы өзгерту қорынан бөлiнген
қаржыны қайтарымдық пен төлемдiк шарттары бойынша беретiн болсын;
     қаржыландырушы банктермен бiрлесiп, бұл қаржының мақсатты
пайдаланылуын әрi дер кезiнде қайтарылуына бақылау орнатсын;
     Қазақстан Республикасының Экономиканы өзгерту қорының
Үйлестiру кеңесiне 1994 жылдың бiрiншi жарты жылдығының жұмыс
қорытындылары бойынша бөлiнген қаржының пайдаланылуы туралы ақпарат
табыс етсiн.
            Қазақстан Республикасының
              Премьер-министрi