Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылған деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң ҚАУЛЫСЫ 1995 жылғы 26 қыркүйек N 1283

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қосымшаға сәйкес кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылған деп танылсын.
 
      Қазақстан Республикасының
           Премьер-министрi
                                        Қазақстан Республикасы
                                        Министрлер Кабинетiнiң
                                      1995 жылғы 26 қыркүйектегi
                                          N 1283 қаулысына
                                              ҚОСЫМША
             Үкiметтiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң
                          Т I З Б Е С I
      "Монополист кәсiпорындардың еркiн (нарықтық) бағалар бойынша өткiзетiн өнiмдерiне бағаларды мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 29 қыркүйектегi N 814 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 37, 570-бап).
      "Қой шаруашылығын дамытуды экономикалық тұрақтандыру және ынталандыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 15 шiлдедегi N 612 қаулысының 10-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 29, 346-бап).
      "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 28 маусымдағы N 547 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 25, 304-бап).
      "Дәрi-дәрмек пен медициналық мақсаттағы бұйымдардың барлық түрлерiнiң бөлшек сауда бағаларын ырықтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 4 қарашадағы N 939 қаулысының 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 44, 645-бап).
      "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу және күшi жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 24 қарашадағы N 1176 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiне енгiзiлген өзгертудiң 2-тармағының "б" тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 46, 550-бап).
      "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Ұлттық валютаны енгiзу жағдайында бағаның өсуiн шектеу жөнiндегi төтенше шаралар туралы" 1993 жылғы 12 қарашадағы N 1121 қаулысына толықтырулар мен өзгертулер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 28 желтоқсандағы N 1302 қаулысының 1-тармағының бесiншi абзацы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 50, 604-бап).
      "Импорттық дәрi-дәрмек заттарын, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және химиялық реактивтердi сату кезiндегi сауда үстемелерi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 14 наурыздағы N 259 қаулысының 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 13, 126-бап).
      "Шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң - табиғи монополистердiң өнiмдерiне бағаны реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 19 қазандағы N 1171 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiне енетiн Өзгерiстердiң 3 және 4-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 44, 474-бап).
      "Мұнай бағасын ырықтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 15 желтоқсандағы N 1416 қаулысының 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 48, 530-бап).