Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 8 тамыздағы N 1243 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 наурыздағы N 258 қаулысымен.

      Басқаруды жетiлдiру, мемлекеттiк ұйымдардың жүйесi мен штаттарын оңтайландыру және бюджет қаражатын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Алтынсарин атындағы Қазақ бiлiм мәселелерi институты Республикалық оқу-әдiстемелiк кабинетiне қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Бiлiм және мәдениет министрлiгi қайта ұйымдастырылатын мемлекеттiк ұйымдардың 1997 жылға арналған шығыстар сметасына өзгерiс енгiзсiн.
      Көрсетiлген өзгерiс 1997 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегiнде жүргiзiлсiн.
      3. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
      "Ы.Алтынсарин атындағы Педагогика ғылымдары ғылыми-зерттеу институтын қайта құру және "Бiлiм" ғылыми-педагогикалық бiрлестiгiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 7 маусымдағы N 477 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 22, 282-құжат);
      "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 7 маусымдағы N 477 қаулысына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 16 қарашадағы N 1551 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 36, 453-құжат).
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi