Қазақстан Республикасының Су кодексi 14-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес стратегиялық су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайлардың, оның ішінде мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін құрылысжайлардың тізбесі айқындалсын.
2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы | |
Үкіметінің 2025 жылғы 23 тамыздағы № 671 қаулысына 1-қосымша |
Стратегиялық су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайлардың, оның ішінде мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін құрылысжайлардың тізбесі
1. Су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайлар:
1) Сырдария өзенiндегi Шардара су қоймасы;
2) Ертiс өзенiндегi Бұқтырма су қоймасы;
3) Ертіс өзеніндегі Өскемен су қоймасы;
4) Ертіс өзеніндегі Шүлбі су қоймасы;
5) Есiл өзенiндегi Астана су қоймасы;
6) Есiл өзенiндегі Сергеев су қоймасы;
7) Есiл өзенiндегi Петропавл су қоймасы;
8) Іле өзенiндегi Қапшағай су қоймасы;
9) Шелек өзенiндегi Бартоғай су қоймасы;
10) Сiлетi өзенiндегi Сілеті су қоймасы;
11) Қоянды өзенiндегi Қоянды су қоймасы;
12) Елек өзенiндегi Ақтөбе су қоймасы;
13) Қарғалы өзенiндегi Қарғалы су қоймасы;
14) Сазды өзенiндегi Сазды су қоймасы;
15) Үйдене өзенiндегi Үйдене су қоймасы;
16) Қандысу өзенiндегi Қандысу су қоймасы;
17) Шар өзенiндегi Шар су қоймасы;
18) Егінсу өзенiндегі Егiнсу су қоймасы;
19) Қарақол өзенiндегi Қарақол су қоймасы;
20) Ұлан өзенiндегі "Алебастр" су қоймасы;
21) Терiс өзенiндегi Терiс-Ащыбұлақ су қоймасы;
22) Шу өзенiндегi Тасөткел су қоймасы;
23) Көшiм өзенiндегі Киров су қоймасы;
24) Көшiм өзенiндегi Бітік су қоймасы;
25) Көшiм өзенiндегi Дөңгелек су қоймасы;
26) Көшiм өзенiндегі Пятимар су қоймасы;
27) Үлкен Өзен өзенiндегi Сарышығанақ су қоймасы;
28) Кiшi Өзен өзенiндегi "Балықты Сарқыл" су қоймасы;
29) Кiші Өзен өзенiндегi Казталов-1 су қоймасы;
30) Кiшi Өзен өзенiндегi Казталов-2 су қоймасы;
31) Шаған өзенiндегi Шаған су қоймасы;
32) Шерубай-Нұра өзенiндегі Жартас су қоймасы;
33) Шоқай өзенiндегi Шоқай су қоймасы;
34) Нұра өзенiндегi Ынтымақ су қоймасы;
35) Соқыр өзенiндегi Федоров су қоймасы;
36) Есiл өзенiндегi Есiл су қоймасы;
37) Ащысу өзенiндегi Ащысу су қоймасы;
38) Ақтасты өзенiндегi Ақтасты су қоймасы;
39) Жездi өзенiндегі Жездi су қоймасы;
40) Тобыл өзенiндегi Жоғарғы Тобыл су қоймасы;
41) Тобыл өзенiндегi Қаратомар су қоймасы;
42) Тобыл өзенiндегi Қызылжар су қоймасы;
43) Тобыл өзенiндегі Сергеев су қоймасы;
44) Тобыл өзенiндегi Амангелдi су қоймасы;
45) Бадам өзенiндегi Бадам су қоймасы;
46) Тоғыз өзенiндегi Тоғыз су қоймасы;
47) Шаян өзенiндегi Қапшағай су қоймасы;
48) Бөген өзенiндегі Бөген су қоймасы;
49) Жаңақорған өзенiндегi Сасықбұлақ су қоймасы;
50) Қарашық өзенiндегi Қосқорған су қоймасы;
51) Шерт өзенiндегi Шерт су қоймасы;
52) Баба Ата өзенiндегi Баба Ата су қоймасы;
53) Үлкен Шаға бұлағындағы Таушаға су қоймасы;
54) Алмалы өзенiндегi Таскенсай су қоймасы;
55) Үлкен Қарақұс өзенiндегi Шүкiрой су қоймасы;
56) Келес өзенiндегi Ақылбексай су қоймасы;
57) Үштөбе өзенiндегi Үштөбе су қоймасы;
58) Нұра өзеніндегі Самарқанд су қоймасы;
59) Тұрғысын өзеніндегі Тұрғысын-1 су қоймасы;
60) Қара кеңгір өзеніндегі Кеңгір су қоймасы.
61) Сабыр Арыстанбаев атындағы Қызылорда су торабы;
62) Сырдария өзенiндегi Қазалы су торабы;
63) Сырдария өзенiндегi "Әйтек" су торабы;
64) Сырдария өзенiндегі "Ақлақ" су торабы;
65) Шелек өзенiндегi Шелек су торабы;
66) Нұра өзенiндегi Преображенский су торабы;
67) Ойыл өзенiндегі Ералы су торабы;
68) Талас өзенiндегі Талас су торабы;
69) Талас өзенiндегi Темiрбек су торабы;
70) Талас өзенiндегi Жейiмбет су торабы;
71) Талас өзенiндегі Ойық су торабы;
72) Аса өзенiндегi Аса су торабы;
73) Шу өзенiндегi Фурманов су торабы;
74) Мерке өзенiндегі қосымша су беретiн трактiсi бар Мерке су торабы;
75) Аспара өзенiндегi қосымша су беретiн трактісi бар Аспара су торабы;
76) Ақсай өзенiндегi Ақсай су торабы;
77) Көксай өзенiндегi Көксай су торабы;
78) Шаған тармағындағы Көшiм су торабы;
79) Кiшi Өзен өзенiндегі Варфоломеев су торабы;
80) Кiшi Өзен өзенiндегi Мамай су торабы;
81) Арыс өзенiндегi Қараспан су торабы;
82) Шу өзенiндегi Тасөткел бөгетi;
83) Ақкөл көлiндегi Ақкөл бөгетi;
84)Солтүстiк Арал теңiзiнiң су көтеру бөгетi;
85) Белая өзенiндегi су көтеру бөгетi;
86) Жайық-Көшiм суару-суландыру жүйесiнiң бас құрылысжайлары;
87) Сырдария өзенiнiң Қараөзек тармағының бас құрылысжайы;
88) Д. А. Қонаев атындағы Yлкен Алматы каналының бас құрылысжайы;
89) Қ. И. Сәтпаев атындағы канал;
90) Сырдария өзеніндегі Көксарай контрреттегіші;
91) Астана қаласының Есіл өзенінің тасыған суынан қорғау бөгеті;
92) "Батыс" коллекторы бар Қызылқұм магистральды каналы.
2. Қалалардың сумен жабдықтау және су бұру жүйелері:
1) Астана;
2) Алматы;
3) Ақтау;
4) Ақтөбе;
5) Атырау;
6) Қарағанды;
7) Көкшетау;
8) Қостанай;
9) Қызылорда;
10) Павлодар;
11) Петропавл;
12) Талдықорған;
13) Тараз;
14) Орал;
15) Өскемен;
16) Шымкент;
17) Семей;
18) Түркiстан;
19) Теміртау;
20) Екiбастұз;
21) Рудный;
22) Жезқазған;
23) Кентау;
24) Балқаш;
25) Жаңаөзен;
26) Сәтпаев;
27) Ақсу;
28) Риддер;
29) Арыс;
30) Степногор;
31) Шахтинск;
32) Саран;
33) Қапшағай;
34) Арқалық;
35) Лисаков;
36) Приозерск.
3. Осы тізбенің 2-тармағында аталған қалалардың сумен жабдықтау және су бұру жүйелері немесе олардың элементтері мемлекеттік меншікте болады, иеліктен шығарылмайды және Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін.
4. Салу жоспарланған немесе салыну процесіндегі гидротехникалық құрылысжайлар*:
1) Түркістан облысындағы Өгем өзеніндегі гидроэлектр станцияларының каскады бар су құбыры;
2) Шығыс Қазақстан облысындағы Оба өзеніндегі гидроэлектр станцияларының каскады.
*Ескертпе: осы тармақта көрсетілген гидротехникалық құрылысжайлар пайдалануға берілгеннен кейін осы тізімнің тиісті тармағына енгізілуге тиіс.
Қазақстан Республикасы | |
Үкіметінің 2025 жылғы 23 тамыздағы № 671 қаулысына 2-қосымша |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Ерекше стратегиялық маңызы бар, оның ішінде жалға және сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін су шаруашылығы құрылыстарының тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 933 қаулысы.
2. "Ерекше стратегиялық маңызы бар, оның ішінде жалға және сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін су шаруашылығы құрылыстарының тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 933 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 7 сәуірдегі № 214 қаулысы.
3. "Ерекше стратегиялық маңызы бар, оның ішінде жалға және сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін су шаруашылығы құрылыстарының тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 933 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 маусымдағы № 379 қаулысы.
4. "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті "Қазсушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Сырдария өзеніндегі Қызылорда су торабына Сабыр Арыстанбаевтың есімін беру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Республикалық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының тізбесін бекіту туралы" 2004 жылғы 21 желтоқсандағы № 1344 және "Ерекше стратегиялық маңызы бар, оның ішінде жалға және сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін су шаруашылығы құрылыстарының тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 933 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 18 ақпандағы №7 қаулысының 3-тармағы.
5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Ерекше стратегиялық маңызы бар, оның ішінде жалға және сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін су шаруашылығы құрылыстарының тізбесі туралы" 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 933 және "Жекешелендірудің 2021 – 2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы" 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 тамыздағы № 523 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы.
6. "Ерекше стратегиялық маңызы бар, оның ішінде жалға және сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін су шаруашылығы құрылыстарының тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 933 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 9 ақпандағы № 100 қаулысы.
7. "Ерекше стратегиялық маңызы бар, оның ішінде жалға және сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін су шаруашылығы құрылыстарының тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 933 қаулысына толықтыру енгізу және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерін босалқы жерлерге ауыстыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 қыркүйектегі № 774 қаулысының 1-тармағы.
8. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Республикалық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының тізбесін бекіту туралы" 2004 жылғы 21 желтоқсандағы № 1344 және "Ерекше стратегиялық маңызы бар, оның ішінде жалға және сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін су шаруашылығы құрылыстарының тізбесі туралы" 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 933 қаулыларына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 20 наурыздағы № 164 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы.