"Стратегиялық су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайлардың, оның ішінде мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін құрылысжайлардың тізбесін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 23

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 27 тамыздағы № 776 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Стратегиялық су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайлардың, оның ішінде мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін құрылысжайлардың тізбесін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 23 тамыздағы № 671 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген стратегиялық су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайлардың, оның ішінде мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін құрылысжайлардың тізбесінде:

      1-тармақта:

      11) тармақша алынып тасталсын;

      36) тармақша алынып тасталсын;

      65) тармақша алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 91-1), 91-2), 91-3), 91-4), 91-5), 91-6), 91-7), 91-8) және 91-9) тармақшаларымен толықтырылсын:

      "91-1) Шағалалы өзеніндегі Шағалалы су қоймасы;

      91-2) Күрті өзеніндегі Күрті су қоймасы;

      91-3) Қарақоңыз өзеніндегі Қарақоңыз су қоймасы;

      91-4) Қақпатас өзеніндегі Қақпатас су қоймасы;

      91-5) Шабақты өзеніндегі Ынталы су қоймасы;

      91-6) Бүркітті өзеніндегі Бүркітті су қоймасы;

      91-7) Тамды өзеніндегі Жартас су қоймасы;

      91-8) Желқуар өзеніндегі Желқуар су қоймасы;

      91-9) Бесарық су қоймасы (таудағы жылғада);";

      2-тармақта:

      29) тармақшаға орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      33) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "33) Қонаев;";

      4-тармақ мынадай мазмұндағы 1-11) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-11) Түркістан облысы Ордабасы ауданында Боралдай өзеніндегі Боралдай су қоймасы;".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов