"Ерекше стратегиялық маңызы бар, оның ішінде жалға және сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін су шаруашылығы құрылыстарының тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 933 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 7 сәуірдегі № 214 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ерекше стратегиялық маңызы бар, оның ішінде жалға және сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін су шаруашылығы құрылыстарының тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 933 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген ерекше стратегиялық маңызы бар, оның ішінде жалға және сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін су шаруашылығы құрылыстарының тізбесі:

      мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

      "5. Құрылысы жоспарланған немесе құрылыс процесіндегі су шаруашылығы құрылыстары*:

      Түркістан облысындағы Өгем өзеніндегі су электр станцияларының каскады бар су құбыры.";

      мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:

      "Ескертпе:

      *Осы тармақта көрсетілген су шаруашылығы құрылыстары пайдалануға берілгеннен кейін олар осы тізбенің тиісті тармағына енгізілуге жатады.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин