"Стратегиялық су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайлардың, оның ішінде мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін құрылысжайлардың тізбесін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 23

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 17 сәуірдегі № 292 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Стратегиялық су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайлардың, оның ішінде мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін құрылысжайлардың тізбесін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 23 тамыздағы № 671 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген стратегиялық су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайлардың, оның ішінде мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін құрылысжайлардың тізбесінде:

      4-тармақ мынадай мазмұндағы 1-6), 1-7), 1-8), 1-9) және 1-10) тармақшаларымен толықтырылсын:

      "1-6) Абай облысы Мақаншы ауданы Қарабұта өзеніндегі су қоймасы;

      1-7) Абай облысы Көкпекті ауданы Кіші Бөкен өзеніндегі су қоймасы;

      1-8) Абай облысы Мақаншы ауданы Келдімұрат өзеніндегі су қоймасы;

      1-9) Абай облысы Мақаншы ауданы Көктерек өзеніндегі су қоймасы;

      1-10) Абай облысы Ақсуат ауданы Базар өзеніндегі су қоймасы;".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов