1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жоғарыда көрсетілген нормативтік қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
"Құқықтар мен заңды мүдделерді сот арқылы қорғауға Қазақстан Республикасының заңнамасына және халықаралық шарттарға сәйкес өзге де субъектілерге кепілдік беріледі.";
2) 2-тармақтың бірінші абзацында:
бірінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
"Конституцияның 4-бабының 3-тармағы Республика бекіткен халықаралық шарттардың оның заңдарынан басымдығын белгілейді.";
мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
"Қазақстан қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тәртібі мен талаптары Республиканың заңнамасында айқындалады.";
3) 4-тармақтың үшінші абзацындағы "төмен тұрған соттардың сот актілерін кассациялық тәртіппен" деген сөздер "кассациялық сатыда қаралғаннан кейін айрықша жағдайларда заңды күшіне енген сот актілерін" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Сот практикасының біркелкілігіне қол жеткізу заңдылықты қамтамасыз ету, адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау міндеттеріне негізделеді.
Көрсетілген міндеттердің негізінде процестік заңнамада:
соттардың құқық нормаларын түсіндіруіндегі және қолдануындағы біркелкіліктің бұзылуы (Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 454-1-бабы бірінші бөлігінің 3) тармақшасы; Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі - ӘРПК) 169-1-бабы бірінші бөлігінің 3) тармақшасы; Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі - ҚПК) 498-1-бабы бірінші бөлігінің 3) тармағы; Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі – ӘҚБтК) 851-1-бабы бірінші бөлігінің 1) тармақшасы);
адамдардың өмірі, денсаулығы үшін не Қазақстан Республикасының экономикасы мен ұлттық қауіпсіздігі үшін орны толмас ауыр салдарлар қаупінің төнуі, тұлғалардың айқындалмаған тобының құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің немесе өзге де жария мүдделердің бұзылуы (АПК-нің 454-1-бабы бірінші бөлігінің 1), 2) тармақшалары, ӘРПК-нің 169-1-бабы бірінші бөлігінің 1), 2) тармақшалары; ӘҚБтК-нің 851-1-бабы бірінші бөлігінің 2), 3) тармақшалары);
қабылданған сот актілері мемлекеттік немесе қоғамдық мүдделерді, мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін қозғайтын не адамдардың өмірі, денсаулығы үшін орны толмас ауыр салдарларға әкелуі мүмкін болса; адам өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын өтеуі (ҚПК-нің 498-1-бабы бірінші бөлігінің 1), 2) тармақтары) қайта қараудың негіздері ретінде белгіленген.".
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, жалпыға бірдей міндетті болып табылады және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы |
А. Мерғалиев |
|
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы, жалпы отырыс хатшысы |
Г. Әлмағамбетова |