1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мынадай нормативтік қаулыларына өзгерістер енгізілсін:
1. "Соттардың некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы iстердi қараған кезде заңнаманы қолдануы туралы" 2000 жылғы 28 сәуірдегі № 5 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 13, 2012 жылғы 31 мамырдағы № 2, 2017 жылғы 31 наурыздағы № 2, 2021 жылғы 15 сәуірдегі №1, 2021 жылғы 30 қыркүйектегі № 2; 2023 жылғы 7 желтоқсандағы № 2; 2024 жылғы 28 қарашасындағы № 4 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) 20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Некесі бұзылған ерлі-зайыптылардың ортақ меншігі болып табылатын мүлікті некені бұзу күніне қарамастан өзара келісім бойынша бөледі. Егер дау туындаса және жауапкердің талап қою мерзімін қолдану туралы арызы болса, сот талап қою мерзімін АК-нің 180-бабының 1-тармағына сәйкес есептейді.
Некесi (ерлі-зайыптылығы) бұзылған ерлi-зайыптылардың ортақ меншiгi болып табылатын мүлікті бөлу туралы талап қоюдың үш жылдық ескіру мерзiмiн ерлi-зайыпты өз құқығының бұзылғаны туралы бiлген немесе бiлуге тиiс болған күннен бастап есептеуге жатады.";
2. "Соттардың алименттерді өндіріп алу жөніндегі істерді қараған кезде заңнаманы қолдануы туралы" 2019 жылғы 29 қарашадағы № 6 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2021 жылғы 15 сәуірдегі № 1, 2021 жылғы 30 қыркүйектегі № 2; 2023 жылғы 7 желтоқсандағы № 2; 2024 жылғы 28 қарашасындағы № 4 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) 29-тармақта екінші және төртінші абзацтар алып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, жалпыға бірдей міндетті болып табылады және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы |
А. Мерғалиев |
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы, жалпы отырыс хатшысы |
Г. Әлмағамбетова |