Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 3 тамыздағы № 639 қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Нарықтық бағалар туралы ресми танылған ақпарат көздерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 наурыздағы № 292 қаулысы.
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2305 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 35-тармағы.
3. "Нарықтық бағалар туралы ресми танылған ақпарат көздерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 наурыздағы № 292 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 57 қаулысы.
4. "Нарықтық бағалар туралы ресми танылған ақпарат көздерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 наурыздағы № 292 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 17 шілдедегі № 435 қаулысы.
5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Нарықтық бағалар туралы ресми танылған ақпарат көздерінің тізбесін бекіту туралы" 2009 жылғы 12 наурыздағы № 292 және "Мақта талшығына баға белгілеу қағидаларын (әдістемесін) бекіту туралы" 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 255 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 маусымдағы № 395 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы.
6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Нарықтық бағалар туралы ресми танылған ақпарат көздерінің тізбесін бекіту туралы" 2009 жылғы 12 наурыздағы № 292 және "Биржалық тауарлардың тізбесін бекіту туралы" 2009 жылғы 6 мамырдағы № 638 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 25 қарашадағы № 842 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы.