Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Нарықтық бағалар туралы ресми танылған ақпарат көздерінің тізбесін бекіту туралы" 2009 жылғы 12 наурыздағы № 292 және "Биржалық тауарлардың тізбесін бекіту туралы" 2009 жылғы 6 мамырдағы № 638 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.08.2023 № 639 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2) "Биржалық тауарлардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 мамырдағы № 638 қаулысында:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Трансферттік баға белгілеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулымен бекітілген Биржалық тауарлардың тізбесінде:
4-бағанның атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"ЕАЭО СЭҚ БТН коды".
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 03.08.2023 № 639 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |