Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.08.2023 № 639 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2) "Мақта талшығына баға белгілеу қағидаларын (әдістемесін) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 255 қаулысына (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 25-26, 147-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Мақта талшығына баға белгілеу қағидаларында (әдістемесінде):
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Осы Қағидаларда мақта талшығының нарықтық бағасын айқындау үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:
1) "Цена Дайджест" журналы және "Ценовая информация" бюллетені ("Цена Дайджест" журналына қосымша), ("Цена-Информ" ЖШҚ, Ресей Федерациясы);
2) "Cotlook Cotton Quotes" баға ақпараты ("Cotlook Limited" ақпараттық агенттігі, Ұлыбритания);
3) EIKON, ("Refinitiv" компаниясы, Ұлыбритания).";
2-тараудың 8 және 9-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"8. "Cotlook Cotton Quotes" баға ақпараты көзі үшін ақпарат көзінің қолданылу өңірі Оңтүстік Шығыс Азия елдері болып табылады.
9. EIKON ақпарат көзі үшін ақпарат көзінің қолданылу өңірі Еуропа елдері (басқа АКҚӨ-де көрсетілгендерді қоспағанда) болып табылады.";
3-тараудың 10-тармағының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
2-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Cotlook Cotton Quotes" баға ақпараты ақпарат көзінен мақта талшығының бағаларын айқындау тәртібі";
2-параграфтың 21-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"21. "Cotlook Cotton Quotes" баға ақпараты ақпарат көзінде жарияланған мақта талшығының бағасы жарияланған күнінен басталатын және келесі жариялау алдындағы күні аяқталатын уақыт кезеңінде қолданылады.";
3-параграфта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"EIKON ақпарат көзінен мақта талшығының бағаларын айқындау тәртібі"
27, 28 және 29-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"27. EIKON ақпарат көзінде жарияланған мақта талшығының бағасы осы жарияланған күнінен басталатын және келесі жариялау алдындағы күні аяқталатын уақыт кезеңінде қолданылады.
28. EIKON бағалары бойынша қазақстандық мақта талшығының нарықтық бағасын есептеу үшін CIF-Бременнің (Германия Федеративтік Республикасы) жеткізуі шарттарымен жарияланатын COT BRE CIS SM (Mid Price Close)-ден және COT BRE CIS M (Mid Price Close)-ден алынған орташа баға пайдаланылады. Көрсетілген бағалар болмаған жағдайда, COT BRE SP SM (Mid Price Close) орташа бағасы пайдаланылады.
29. Егер, қандай да бір уақыт кезеңінде EIKON жарияланымдарында ТМД елдерінен алынған мақтаның бағалары болмаса, онда нарықтық бағаны есептеу үшін соңғы баға пайдаланылатын болады.";
4-параграфта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Cotlook Cotton Quotes" баға ақпараты АКҚӨ бойынша дифференциалды айқындау тәртібі";
42-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) CFR-межелі порттың жеткізу шарттарында тиеу станциясынан Читагонг (Бангладеш Халық Республикасы) базалық межелі портына дейін есептелген көліктік шығыстардан тұрады. Жеткізіп беру Владивосток (Ресей Федерациясы) ауыстырып тиеу базалық портына дейін жабық теміржол вагондарымен және әрі қарай Читагонг (Бангладеш Халық Республикасы) портына дейін теңіз көлігімен жүргізіледі;";
5-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"EIKON АКҚӨ бойынша дифференциалды айқындау тәртібі";
6-тараудың 46-тармағы алып тасталсын;
48-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Нарықтық баға мен жол берілген ауытқу арасындағы айырмашылық мәміле бағасынан төмен немесе оған тең болған ((МБ
НБ – ЖА) ) жағдайларда, мәміле бағасына жол берілген деп танылады. Нарықтық баға мен жол берілген ауытқу арасындағы айырма мәміле бағасынан жоғары болған (МБ < НБ – ЖА) жағдайларда, мәміле бағасына жол берілмеген деп танылады, мұнда:";үшінші абзац алып тасталсын.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 03.08.2023 № 639 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |