ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 31.12.2020 қоса алғанға дейін қолданылды - ҚР Үкіметінің 20.03.2020 № 126 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы" 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285, "Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286 және "Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 жарлықтарына сәйкес салық-бюджет саясатының мәселелерін реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған республикалық бюджетті қалыптастырудың, нақтылаудың және атқарудың ерекше тәртібі бекітілсін.
2. 2020 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы кезеңде:
1) ірі сауда объектілері, сауда-ойын-сауық орталықтары, кинозалдар, театрлар, көрмелер мен дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттары бойынша заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің мүлік салығының;
2) ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлері бойынша жер салығының;
3) салық салудың жалпы белгіленген тәртібімен жұмыс істейтін дара кәсіпкерлердің жеке табыс салығының мөлшерлемелеріне "0" түзету коэффициенті енгізілсін.
3. Мөлшерлемелерге осы қаулының 2-тармағында көрсетілген "0" түзету коэффициентін қолданған кезде салық базасын, салық салу объектілерін, салық кезеңін және салық міндеттемелерін орындауды айқындау "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес жүзеге асырылады.
4. Осы қаулының 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген салық төлеушілер үшін барлық салықтар бойынша мерзімінде орындалмаған салық міндеттемелері бойынша өсімпұлдарды есептеу 2020 жылғы 15 тамызға дейін тоқтатыла тұрсын және салық есептілігін тапсыру мерзімі 2020 жылғы 3-тоқсанға ауыстырылсын.
5. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі ірі қара малды және асыл тұқымды балапандарды қосылған құн салығы есепке алу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесіне енгізуді қамтамасыз етсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін қолданылады және ресми жариялануға тиіс.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.09.2020 № 549 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 126 қаулысымен бекітілген |
Республикалық бюджетті қалыптастырудың, нақтылаудың және атқарудың ерекше тәртібі 1-бөлім. Жалпы ережелер
1. Осы Ерекше тәртіп дағдарысты жағдайлар кезеңінде республикалық бюджетті қалыптастырудың, нақтылаудың және атқарудың рәсімдерінайқындайды (бұдан әрі – Ерекше тәртіп).
2. Дағдарысты жағдайлар кезеңінде ағымдағы қаржы жылына арналған нақтыланған республикалық бюджет Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітіледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 13-бабында айқындалған құрылымға және Бюджет кодексінің 26-бабына сәйкес әзірленген бірыңғай бюджеттік сыныптамаға сәйкес әзірленеді және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.04.2020 № 227 қаулысымен.2-1. Дағдарысты жағдайлар кезеңінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мөлшерін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес мақұлдайды және ол ағымдағы қаржы жылына арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітіледі.
Ескерту. Ерекше тәртібі 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 21.04.2020 № 227 қаулысымен.3. Ағымдағы қаржы жылына арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының қабылданғаны туралы Қазақстан Республикасының Парламентіне дереу хабарланады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.04.2020 № 227 қаулысымен.2-бөлім. Республикалық бюджетті нақтылау
4. Осы Ерекше тәртіптің ережелерін қолдану арқылы ағымдағы қаржы жылына арналған нақтыланған (түзетілген) республикалық бюджетті қалыптастыру, нақтылау, түзету және атқару дағдарысты жағдайлар кезеңінде жүзеге асырылады.
Бюджеттік инвестициялар және бюджеттік кредиттер тәсілімен қаржыландырылатын жобалар, оның ішінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жобалары бойынша республикалық бюджетті қалыптастыру, нақтылау, түзету кезінде тиісті сараптамалар жүргізілмейді және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдері негізінде нақтыланған (түзетілген) республикалық бюджет жобасына енгізіледі.
Құрылыс қызметін көздейтін бюджеттік инвестициялық жобалардың, оның ішінде су қауіпсіздігі объектілерінің шығыстары сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ірілендірілген сметалық нормалар мен бағалар жинақтары негізінде жоспарланады.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің басшысы және бюджеттік инвестициялар не бюджеттік кредит алатын квазимемлекеттік сектор субъектісінің басшысы әлеуметтік-экономикалық орнықтылықты қамтамасыз ету шараларын қабылдауға бағытталған активтер бойынша жобаларда әлеуметтік-экономикалық әсер беретін және дағдарысты жағдайлар тұрақтанғаннан кейін отандық бизнесті (оның ішінде экспортты) қолдауды, тұрақты жұмыс орындарын сақтауды (құруды) көздеуге тиіс.
Бұл ретте республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға іс-шараларды қаржыландыру жөніндегі бюджеттік өтінімдерді енгізеді.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.03.2020 № 154; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 21.04.2020 № 227; 06.05.2020 № 278 қаулыларымен.5. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері төтенше жағдай кезеңінде жүзеге асырылатын іс-шараларды, сондай-ақ экономиканы тұрақтандыру және халықтың тыныс-тіршілігін іркіліссіз қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды және басқа іс-шаралардықаржыландыру жөніндегі бюджет қаражатына қажеттілікті айқындайды.
6. Бюджеттік өтінім осы Ерекше тәртіпке 1 және 2-қосымшаларға сәйкес "Іс-шараларды қаржыландыру бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшісі шығыстарының жиынтық есеп-қисабы"деген 1-нысан және"Іс-шараларды қаржыландыру бойынша мемлекеттік мекеме шығыстарының есепқисабы"деген 2-нысан бойынша шығыстардың әрбір түрі бойынша есепқисаптармен қоса, оңайлатылған түрде жасалады.
Негіздеуші құжаттар болмаған жағдайда бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің есеп-қисаптары бюджеттік өтінімге бюджеттік инвестициялар және бюджеттік кредиттер арқылы қаржыландырылатын, оның ішінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жобаларын енгізу үшін негіз болып табылады.
Бюджеттік өтінімнің негізділігіне, бюджеттік өтінімге есеп-қисаптардың дұрыстығына, бюджеттік өтінімнің толықтығы мен уақтылы ұсынылуына бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің басшысы жауапты болады.
Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.03.2020 № 154 қаулысымен.7. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері төтенше жағдай енгізілгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға өзгерістер мен толықтырулар жоспарланатын бюджеттік бағдарламалар мен кіші бағдарламалардың бөлігінде ғана бюджеттік өтінімді ЭҚАБЖ арқылы электрондық түрде және қағаз тасығышта бір данада ұсынады.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.04.2020 № 227 қаулысымен.8. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде бюджеттік өтінімдерді қарайды және қолданыстағы "2020 – 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының негізінде төтенше жағдай іс-шараларын, сондай-ақ экономиканы тұрақтандыру және халықтың үздіксіз тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды және басқа да іс-шараларды қаржыландыруға бағытталған өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, ағымдағы қаржы жылына арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасын қалыптастырып, оларды Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.04.2020 № 227 қаулысымен.9. Республикалық бюджет комиссиясы осы Ерекше тәртіптің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды мақұлдағаннан кейін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган ағымдағы қаржы жылына арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасын және ағымдағы қаржы жылына арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасын Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.04.2020 № 227 қаулысымен.10. Ағымдағы қаржы жылына арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы Қазақстан Республикасының Президенті тиісті Жарлыққа қол қойған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде қабылданады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті қаулысының жобасын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.04.2020 № 227 қаулысымен.3-бөлім. Республикалық бюджеттің атқарылуы
11. Бюджеттік инвестициялар және бюджеттік кредиттер тәсілімен қаржыландырылатын, осы Ерекше тәртіп шеңберінде республикалық бюджетте көзделген шығыстар, оның ішінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шығыстары бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін қаржыландыру жоспарларында көзделеді және тиісті сараптамалар жүргізілмей бөлінеді.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган осы шығыстар бойынша төлемдерді бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдері және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тиісті корпоративтік шешімдері негізінде қаржы-экономикалық негіздемені және мемлекеттік инвестициялық ұсынысты ұсынбай жүргізеді.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 22.04.2020 № 235 қаулысымен.11-1. Көтерме-тарату орталықтарын жобалау және салу үшін қызметінің негізгі нысанасы Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ халықаралық мамандандырылған көрменің аумағын көрмеден кейін пайдалану болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет жүз процент қатысатын заңды тұлғаның жарғылық капиталын ұлғайтуға Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлуге жол беріледі.
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға жиынтық есептеулер мен негіздемелерді қоса бере отырып, ақша бөлу туралы өтінішхат ұсынады.
Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган өтінішхатты, жиынтық есептеулер мен негіздемелерді қарау нәтижелері бойынша қорытындыны бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне жібереді.
Қазынашылық органдары көтерме-тарату орталықтарын жобалау және салу бойынша орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер үшін төлемдерді орындалған жұмыс актілері мен жергілікті сметалардың негізінде төлем тапсырмасына сәйкес қызметінің негізгі нысанасы Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ халықаралық мамандандырылған көрменің аумағын көрмеден кейін пайдалану болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет жүз процент қатысатын заңды тұлғаның шотынан жүзеге асырады.
Ескерту. Ерекше тәртібі 11-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Үкіметінің 04.05.2020 № 264 қаулысымен.12. Мемлекеттік мекемелер ағымдағы қаржы жылына арналған міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларымен бекітілген сомалар шегінде шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері бойынша міндеттемелер қабылдайды. Бюджетті атқару кезінде мемлекеттік мекемелер бюджет қаражатын бірыңғай бюджеттік сыныптамаға, жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерге, бюджет қаражаты бөлінген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес пайдалануға міндетті.
13. Ағымдағы қаржы жылына арналған нақтыланған республикалық бюджетті атқару шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті қаулыларын қабылдау жолымен Қазақстан Республикасының Үкіметі бюджет қаражатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламалары мен өңірлер арасында қайта бөлуге құқылы.
Қаражат қайта бөлінген, сондай-ақ түсімдердің болжамды көлемі жеткіліксіз болған жағдайларда аумақтық қазынашылық бөлімшесі азаматтыққұқықтық мәмілелерді тіркеу және төлемдер мен ақша аударымдарын жүргізу үшін мемлекеттік мекемелердің құжаттарын қабылдауды тоқтата тұрады.
Қаражатты қайта бөлу қажет болған жағдайда, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламалары және өңірлер арасында оларды қайта бөлу жөніндегі ұсыныспен республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының тізбесін белгіленген тәртіппен Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
Нақтыланған республикалық бюджет бойынша ағымдағы қаржы жылына бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне бөлінген жалпы көлемнің он процентінен астам көлемдегі қаражатты қайта бөлу Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша жүзеге асырылады.
Республикалық бюджет комиссиясының оң шешімі негізіндебюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық бюджетті түзету туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулы жобасын әзірлейді.
Қабылданған нормативтік құқықтық актінің және республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің өтінімі негізінде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган Бюджетті атқару қағидаларының 2-тарауының 4-параграфында айқындалған тәртіппен түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізеді.
Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 21.04.2020 № 227 қаулысымен.14. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының қарыз алуы республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер алу және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң тапшылығын қаржыландыру үшiн iшкi нарықта айналысқа жiберуге мемлекеттiк бағалы қағаздар шығаруы түрiнде, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін, Жұмыспен қамту жол картасының шеңберіндегі шараларды қаржыландыру үшін iшкi нарықта айналысқа жiберуге мемлекеттiк бағалы қағаздар шығаруы түрiнде жүзеге асырылады.
Ескерту. Ерекше тәртібі 14-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 28.03.2020 № 154 қаулысымен.15. Төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында "Шаңырақ" пилоттық жобасы бойынша кредиттік тұрғын үй құрылысын, Жұмыспен қамту жол картасының жағдайдың қолданылуы кезеңінде айқындалған іс-шараларын қаржыландыру үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қарыз алуы республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер алу және жергілікті атқарушы органдардың борыш лимитін белгілемей, ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін мемлекеттік бағалы қағаздар шығару түрінде жүзеге асырылады.
Төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында "Шаңырақ" пилоттық жобасы бойынша кредиттік тұрғын үй құрылысын, Жұмыспен қамту жол картасының төтенше жағдай қолданылатын кезеңде айқындалған іс-шараларын қаржыландыру үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын жергілікті атқарушы органдар дербес айқындайды.
Бұл ретте жергілікті атқарушы органдардың 2020 жылға бекітілген лимит шеңберінде көзделген мемлекеттік бағалы қағаздар шығарылымының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды..
Ескерту. Ерекше тәртібі 15-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 28.03.2020 № 154; жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 22.04.2020 № 235 қаулыларымен.16. Қазақстан Республикасының Президенті төтенше немесе соғыс жағдайын енгізген кезде жергілікті атқарушы органдар қажет болған жағдайда резервтің жалпы көлемін трансферттер мен қарыздарды есепке алмай, тиісті жергілікті бюджет түсімдері көлемінің он процентіне дейін ұлғайтуы мүмкін.
Жергілікті атқарушы органдар резервінің бюджеттік бағдарламасына жергілікті бюджет қаражатын бекітілген (нақтыланған) бюджет бойынша ағымдағы қаржы жылына бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне бөлінген жалпы көлемнің он процентінен аспайтын көлемде қайта бөлу жергілікті атқарушы органдардың қаулысымен бекітілген бюджеттік бағдарламалардың тізбесі мен көлеміне сәйкес бюджет шығыстарының құрылымын өзгертпей, бюджетті түзету арқылы жүзеге асырылады.
Ескерту. Ерекше тәртібі 16-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 28.03.2020 № 154 қаулысымен.17. Өткен қаржы жылында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке тартылған пайдаланылмаған қаражат қайтаруға жатпайды және төтенше жағдай кезінде бюджетті нақтылау арқылы пайдаланылуы мүмкін.
Ескерту. Ерекше тәртібі 17-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 28.03.2020 № 154 қаулысымен.18. Төтенше жағдай енгізілген кезде жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі қандай да бір өңірдің өзіндік ерекшелігіне байланысты нысаналы трасферттерді төменгі бюджеттен жоғарғы бюджетке қайтару арқылы қайта қаралуы мүмкін.
Ескерту. Ерекше тәртібі 18-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 28.03.2020 № 154 қаулысымен.Ерекше тәртіпке 1-қосымша | |
Бюджеттік өтінімге 1-нысан |
Іс-шараларды қаржыландыру бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшісі шығыстарының жиынтық есеп-қисабы
Кодтар | |
Функционалдық топ: _______________________________ | |
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі: ___________________ | |
Бюджеттік бағдарлама: ___________________________ |
мың теңге
Шығыстар атауы | Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің кіші сыныбының коды | Шығыстар сомасы |
Шығыстар барлығы: | ||
оның ішінде кіші бағдарламалар бөлінісінде шығыстардың түрлері бойынша | ||
Мемлекеттік органның басшысы ___________ ______________
(қолы) (аты-жөні)
Қаржы-экономикалық қызметтің басшысы _____________ ________________
(қолы) (аты-жөні)
Ескертпе: 1-нысан 2-нысан бойынша жасалған мемлекеттік мекемелер шығыстарының есепқисаптарын жинақтаужолымен жасалады. 1-нысанға экономикалық сыныптауыш ерекшеліктері бөлінісінде қаржы-экономикалық қызмет басшысы қол қойған есеп-қисаптар мен мәлімделетін шығыстардың негіздемелері қоса беріледі.
Ерекше тәртіпке 2-қосымша | |
Бюджеттік нысанға 2-нысан |
Іс-шараларды қаржыландыру бойынша мемлекеттік мекеме шығыстарының есеп-қисабы
Кодтар | |
Функционалдық топ: _____________________________ | |
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі: _________________ | |
Бюджеттік бағдарлама: ___________________________ |
мың теңге
Шығыстар атауы | Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің коды | Шығыстар сомасы |
Шығыстар барлығы: | ||
оның ішінде кіші бағдарламалар бөлінісінде шығыстардың түрлері бойынша | ||
Мемлекеттік мекеменің басшысы __________ ________________
(қолы) (аты-жөні)
Қаржы-экономикалық қызметтің басшысы ____________ ___________________
(қолы) (аты-жөні)
Ескертпе: 2-нысанға шығыстардың әрбір түрі бойынша экономикалық сыныптауыш ерекшеліктері бөлінісінде қаржы-экономикалық қызмет басшысы қол қойған есеп-қисаптармен мәлімделетін шығыстардың негіздемелері қоса беріледі.