"Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 126 қаулысына өзге

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 2 қыркүйектегі № 549 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 126 қаулысына (2020 жылғы 21 наурызда № 56 "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін қолданылады және ресми жариялануға тиіс.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин