Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 126 қаулысына (2020 жылғы 21 наурыздағы № 56 "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық бюджетті қалыптастырудың, нақтылаудың және атқарудың ерекше тәртібінде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Дағдарысты жағдайлар кезеңінде ағымдағы қаржы жылына арналған нақтыланған республикалық бюджет Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітіледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 13-бабында айқындалған құрылымға және Бюджет кодексінің 26-бабына сәйкес әзірленген бірыңғай бюджеттік сыныптамаға сәйкес әзірленеді және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.";
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Дағдарысты жағдайлар кезеңінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мөлшерін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес мақұлдайды және ол ағымдағы қаржы жылына арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітіледі.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Ағымдағы қаржы жылына арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының қабылданғаны туралы Қазақстан Республикасының Парламентіне дереу хабарланады.";
4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Осы Ерекше тәртіптің ережелерін қолдану арқылы ағымдағы қаржы жылына арналған нақтыланған республикалық бюджетті қалыптастыру, нақтылау және атқару дағдарысты жағдайлар кезеңінде жүргізіледі.";
7, 8, 9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері төтенше жағдай енгізілгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға өзгерістер мен толықтырулар жоспарланатын бюджеттік бағдарламалар мен кіші бағдарламалардың бөлігінде ғана бюджеттік өтінімді ЭҚАБЖ арқылы электрондық түрде және қағаз тасығышта бір данада ұсынады.
8. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде бюджеттік өтінімдерді қарайды және қолданыстағы "2020 – 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының негізінде төтенше жағдай іс-шараларын, сондай-ақ экономиканы тұрақтандыру және халықтың үздіксіз тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды және басқа да іс-шараларды қаржыландыруға бағытталған өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, ағымдағы қаржы жылына арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасын қалыптастырып, оларды Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
9. Республикалық бюджет комиссиясы осы Ерекше тәртіптің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды мақұлдағаннан кейін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган ағымдағы қаржы жылына арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасын және ағымдағы қаржы жылына арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасын Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.
10. Ағымдағы қаржы жылына арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы Қазақстан Республикасының Президенті тиісті Жарлыққа қол қойған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде қабылданады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті қаулысының жобасын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді.";
11-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Ағымдағы қаржы жылына арналған нақтыланған республикалық бюджетті шығыстар бойынша атқаруды бюджеттік бағдарламалар әкімшілері және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер Бюджет кодексінің талаптарына, бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларының (бұдан – әрі Бюджеттің атқарылуы қағидалары) ережелеріне сәйкес және мемлекеттік органдар қызметінің межеленген көрсеткіштеріне қол жеткізу мақсатында жүзеге асырады.";
13-тармақтың бірінші және төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Ағымдағы қаржы жылына арналған нақтыланған республикалық бюджетті атқару шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті қаулыларын қабылдау жолымен Қазақстан Республикасының Үкіметі бюджет қаражатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламалары мен өңірлер арасында қайта бөлуге құқылы.";
"Нақтыланған республикалық бюджет бойынша ағымдағы қаржы жылына бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне бөлінген жалпы көлемнің он процентінен астам көлемдегі қаражатты қайта бөлу Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша жүзеге асырылады.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |