"Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 126 қаулысына өзге

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 6 мамырдағы № 278 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 126 қаулысына (2020 жылғы 21 наурыздағы № 56 "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық бюджетті қалыптастырудың, нақтылаудың және атқарудың ерекше тәртібінде:

      4-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Осы Ерекше тәртіптің ережелерін қолдану арқылы ағымдағы қаржы жылына арналған нақтыланған (түзетілген) республикалық бюджетті қалыптастыру, нақтылау, түзету және атқару дағдарысты жағдайлар кезеңінде жүзеге асырылады.

      Бюджеттік инвестициялар және бюджеттік кредиттер тәсілімен қаржыландырылатын жобалар, оның ішінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жобалары бойынша республикалық бюджетті қалыптастыру, нақтылау, түзету кезінде тиісті сараптамалар жүргізілмейді және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдері негізінде нақтыланған (түзетілген) республикалық бюджет жобасына енгізіледі.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин