Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 және "Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары ту

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 наурыздағы № 215 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 26 сәуірдегі № 336 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 26.04.2024 № 336 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) "Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігінде:

      мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:

      "7-1. Қаржы агенттігі инвестициялық мақсаттарға бағытталған, қарыз сомасы 10 (он) млрд теңгеден асатын кредиттер/қаржылық лизинг бойынша Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның келісуі бойынша қаржы агенттігінің ішкі нормативтік құжаттарымен бекітілген жобалардың қаржылық көрсеткіштерін бағалау әдістемесіне сәйкес кредиттер/қаржылық лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауға қажеттіліктің жоқтығын көрсететін ЖКС қаржылық көрсеткіштері кезінде (өтелу мерзімін, таза пайданы, кірістіліктің ішкі нормасын, ақша ағындарын ескере отырып) субсидиялаудан бас тартады.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу бойынша, өңдеу өнеркәсібіндегі және көрсетілетін қызметтердегі ЖКС жобаларын субсидиялау шарттары:

      Субсидиялау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 728 қаулысымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның іс-шараларын және осы тетікті іске асыруға бөлінетін қаражат есебінен жүзеге асырылады.

      ЖКС-ның ЕДБ, ЛК мен АНК беретін кредиттері/қаржылық лизингтері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды қаржыландыру республикалық бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.

      Агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу бойынша, өңдеу өнеркәсібіндегі және көрсетілетін қызметтердегі жобаларды субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және 4,5 (төрт жарым) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның 13,25 %-ын мемлекет субсидиялайтын, ал айырмасын ЖКС төлейтін базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша жүзеге асырылады. Жоғарыда көрсетілген сыйақы мөлшерлемесі бекітілгенге дейін мақұлданған жобалар кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қаржы агенттігінің уәкілетті органы бұрын мақұлдаған шарттарда қолданылады.

      ЭҚЖЖ 1101 (спирттік ішімдіктерді дистилляциялау, ректификациялау және араластыру) бойынша өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және 4,5 (төрт жарым) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның 13,25 %-ын мемлекет субсидиялайтын, ал айырмасын ЖКС төлейтін базалық мөлшерлемеден аспайтын кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша жүзеге асырылады. Жоғарыда көрсетілген сыйақы мөлшерлемесі бекітілгенге дейін мақұлданған жобалар кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қаржы агенттігінің уәкілетті органы бұрын мақұлдаған шарттарда қолданылады.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2022 жылғы 6 желтоқсанға белгілеген базалық мөлшерлеме азайған жағдайда мемлекет субсидиялайтын сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемесінің азаятын мәніне тең мәнге азаяды.

      Инвестицияларға бағытталған кредиттерді/қаржылық лизингті субсидиялау мерзімі ұзарту құқығынсыз 5 (бес) жылдан аспайды.

      Айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттер мен қаржылық лизингті субсидиялау мерзімі ұзарту құқығынсыз 3 (үш) жылдан аспайды.

      Осы тетікке 3-қосымшаға сәйкес инвестицияларға бағытталған экономиканың негізгі (басым) секторларының тізбесі бойынша кредиттерді/қаржылық лизингті субсидиялау мерзімі осы тармақтың жетінші және сегізінші абзацтарында көзделген жобаларды қоспағанда, 7 (жеті) жылдан аспайды.

      Осы тетікке 3-қосымшаға сәйкес экономиканың негізгі (басым) секторларының тізбесі бойынша жобаларды субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және 4,5 (төрт жарым) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның 13,25 %-ын мемлекет субсидиялайтын, ал айырмасын ЖКС төлейтін базалық мөлшерлемеден аспайтын кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2022 жылғы 6 желтоқсанға белгілеген базалық мөлшерлеме азайған жағдайда мемлекет субсидиялайтын сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемесінің азаятын мәніне тең мәнге азаяды.

      Санкциялар қолданылатын ЕДБ/ЛК бұрын мақұлдаған/берген және осы тетікте көрсетілген талаптарға сәйкес келетін кредиттерді/қаржылық лизинг шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған кредиттер/қаржылық лизинг те субсидиялауға жатады.

      Бұл ретте қайта қаржыландыру ЕДБ/ЛК меншікті қаражаты есебінен ғана жүзеге асырылады.

      Осы тетік шеңберінде іске асырылатын жобаларды субсидиялау шарттары, тәртібі мен тетігі, сондай-ақ оларды мониторингтеу 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларымен регламенттеледі.";

      басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігіне 2-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігіне 3-қосымшамен толықтырылсын;

      2) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.01.2024 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.01.2024 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 15 наурыздағы
  № 215 қаулысына
  1-қосымша
  Басым жобаларға кредит
  беру және қаржылық
  лизинг тетігіне
  2-қосымша

Басым жобалар бойынша кредит және қаржылық лизинг беруге арналған тауарлар тізбесі

Р/с

Тауарлар тобының атауы

Р/с №

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің атауы

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші






1

2

3

4

5


АУЫЛ, ОРМАН ЖӘНЕ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

1.

Өсімдік және мал шаруашылығы, аңшылық және осы салаларда көрсетілетін қызметтерді ұсыну

1.

Дәнді дақылдарды (күріштен басқа), бұршақ және майлы дақылдарды өсіру

0111

2.

Күріш өсіру

0112

3.

Көкөністер, бақша дақылдарын, тамыр жемістілер мен түйнек жемістілерді өсіру

0113

4.

Тоқыма дақылдарды өсіру

0116

5.

Өзге де бір-немесе екіжылдық дақылдарды өсіру

0119

6.

Жүзімді өсіру

0121

7.

Дәнді және сүйекті жемістерді өсіру

0124

8.

Басқа да жемістер, жидектер және жаңғақтарды өсіру

0125

9.

Сүтті бағыттағы ірі қара малды көбейту

0141

10.

Басқа да ірі қара малды және енекелерді көбейту

0142

11.

Жылқыларды және басқа да жылқы тұқымдастарды көбейту

0143

12.

Түйелерді және өзге де түйе тектес жануарларды көбейту

0144

13.

Қойларды және ешкілерді көбейту

0145

14.

Шошқаларды өсіру

0146

15.

Ауыл шаруашылығы құстарын көбейту

0147

16.

Жануарлардың басқа түрлерін өсіру

01491

17.

Астықты өңдеу жөніндегі қызмет

0163

2.

Балық аулау

18.

Тұщы суда балық аулау

0312

19.

Теңізде балық өсіру

0321

20.

Тұщы суда балық өсіру

0322

ТАУ-КЕН ӨНДІРУ ӨНЕРКӘСІБІ ЖӘНЕ КАРЬЕРЛЕРДІ ҚАЗУ

3.

Көмір өндіру

21.

Тас көмірді байыту

051032

Өзге де пайдалы қазбаларды өндіру

22.

Тұз өндіру

0893

ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІ

4.

Тамақ өнімдерін өндіру

23.

Тамақ өнімдерін өндіру

103

5.

Сусындар өндіру

24.

Спирттік ішімдіктерді дистилляциялау, ректификациялау және араластыру

11014

25.

Уыт өндіру

1106

26.

Алкогольсіз сусындарды, минералды суларды және басқа да бөтелкелерге құйылатын сусындарды өндіру

1107

6.

Тоқыма бұйымдарын өндіру

27.

Тоқыма бұйымдарын өндіру

13

7.

Киім өндіру

28.

Үлбірден тігілген киімнен басқа, киім өндіру

14.1

29.

Тоқылған және трикотаж киімдер өндіру

14.3

8.

Былғары және оған жататын өнімдерді өндіру

30.

Былғары және оған жататын өнімдерді өндіру

15

9.

Жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіру; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдар өндіру

31.

Жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіру; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдар өндіру

16

10.

Қағаз және қағаз өнімдерін өндіру

32.

Қағаз және қағаз өнімдерін өндіру

17

11.

Полиграфиялық қызмет және жазылған ақпарат жеткізгіштерін жаңғырту

33.

Полиграфиялық қызмет және осы саладағы көрсетілетін қызметтерді ұсыну

18.1

12.

Кокс және мұнай өңдеу өнімдерін өндіру

34.

Мұнайдың өңделген өнімдерін, шымтезек пен көмірден брикеттер өндіру

19.2

13.

Химия өнеркәсібінің өнімдерін өндіру

35.

Негізгі химиялық заттарды, тыңайтқыштарды және азот қоспаларын, алғашқы нысандардағы пластмассалар мен синтетикалық каучукты өндіру

20.15

36.

Пестицидтер мен өзге де агрохимиялық өнімдер өндіру

20.2

37.

Бояулар, лактар және осыған ұқсас бояғыш жабындылар, баспаханалық бояулар мен мастикалар өндіру

20.3

38.

Сабын, жуушы, тазалағыш, жылтыратқыш, парфюмерлік және косметикалық құралдар өндіру

20.4

39.

Сіріңке өндіру

20512

40.

Желім өндіру

2052

41.

Эфир майларын өндіру

2053

42.

Фотоматериалдар өндіру

20591

43.

Желатин өндіру

20592

44.

Тоқыма бұйымдарды өңдеу үшін пайдаланылатын материалдарды өндіру

20593

45.

Техникалық көміртекті (күйе), көміртекті нанотүтікшелер, наноталшықтар және басқа көміртекті наноматериалдар өндіру

20594

46.

Басқа химиялық өнімдер өндіру

20599

47.

Жасанды және синтетикалық талшықтар өндіру

2060

14.

Негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар өндіру

48.

Негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар өндіру

21

15.

Резеңке және пластмасса бұйымдар өндіру

49.

Резеңке және пластмасса бұйымдар өндіру

22

16.

Өзге де бейметалл минералдық өнімдер өндіру

50.

Өзге де бейметалл минералдық өнімдер өндіру

23

17.

Металлургия өндірісі

51.

Шойын, болат және ферроқорытпалар өндіру

2410

52.

Болаттан құбырлар, түтіктер, қуыс профильдер, фитингтер өндіру

2420

53.

Салқындай сымдау

2431

54.

Суықтай қалыптау немесе ию

2433

55.

Суықтай сымдау арқылы сымдар өндіру

24340

18.

Машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіру

56.

Металл есіктер мен терезелер өндіру

2512

57.

Орталық жылыту радиаторлары мен бу қазандықтарын өндіру

2521

58.

Металды соққылап өңдеу, сығымдау, қалыптау, бейіндеу; ұнтақтық металлургия

25.5

59.

Металдарды өңдеу және металдарға қаптамалар жалату; машина жасаудың негізгі технологиялық процестері

25.6

60.

Пышақ бұйымдары, аспаптары және темірден жасалған бұйымдар өндіру

25.7

61.

Басқа дайын металл бұйымдар өндіру

25.96

19.

Компьютерлер, электрондық және оптикалық жабдықтар өндіру

62.

Компьютерлер, электрондық және оптикалық жабдықтар өндіру

267

20.

Электр жабдықтарын өндіру

63.

Электр жабдықтарын өндіру

27

21.

Басқа топтамаларға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар өндіру

64.

Гидравликалық және пневматикалық жабдықтар өндіру

2812

65.

Өзге де крандар, клапандар мен вентильдер өндіру

2814

66.

Лифт өндіру

28224

67.

Офистік техниканы және жабдықты өндіру (компьютерлерден және перифериялық жабдықтан басқа)

2823

68.

Механикаландырылған қол аспаптар өндіру

2824

69.

Өнеркәсіптік тоңазыту және желдету жабдығын өндіру

2825

70.

Басқа топтамаларға енгізілмеген жалпы мақсаттағы өзге машиналар мен жабдықтарды өндіру

2829

71.

Ауылшаруашылық машиналарын өндіру

28302

22.

Автомобильдер, тіркемелер және жартылай тіркемелер өндіру

72.

Автомобильдер өндіру

29.1

73.

Автомобильдерге арналған шанақтарды өндіру

29201

74.

Автомобильдердің өзге бөлшектері мен керек-жарақтар өндіру

2932

23.

Басқа көлік құралдарын өндіру

75.

Теміржол локомотивтерін және жылжымалы құрамаларды өндіру

30.2

24

Басқа топтамаларға енгізілмеген көлік құралдарын өндіру

76.

Басқа топтамаларға енгізілмеген көлік құралдарын өндіру

30.9

25.

Жиһаз өндіру

77.

Жиһаз өндіру

31

26.

Өзге де дайын бұйымдар өндіру

78.

Өзге де дайын бұйымдар өндіру

32

27.

Электр энергиясын өндіру

79.

Су электр станцияларымен электр энергиясын өндіруі

35112

80.

Жел электр станциялармен электр энергиясын өндіруі

35114

81.

Күн электр станциялармен электр энергиясын өндіруі

35115

82.

Өзге де электр станцияларымен электр энергиясын өндіруі

35119

СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ; ҚАЛДЫҚТАРДЫ ЖИНАУ, ӨҢДЕУ ЖӘНЕ ЖОЮ, ЛАСТАНУДЫ ЖОЮ БОЙЫНША ҚЫЗМЕТ

28.

Суды жинау, өңдеу және тарату

83.

Суды жинау, өңдеу және тарату

36

29.

Қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; материалдарды кәдеге жарату (қалпына келтіру)

84.

Қауіпсіз қалдықтарды жинау

3811

КӨЛІК ЖӘНЕ ҚОЙМАЛАУ

30.

Құрлық және құбырмен жүретін көліктің қызметі

85.

Басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де құрлықтағы жолаушылар көлігінің қызметі

49398

31.

Жүктерді қоймалау және қосалқы көлік қызметі

86.

Жүктерді қоймалау және сақтау

529

32

Жүктерді қоймалау және қосалқы көлік қызметі

87.

Жүктерді қоймалау және сақтау

521010

ТҰРУ ЖӘНЕ ТАМАҚТАНУ БОЙЫНША ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

33.

Уақытша тұру жөнінде қызмет көрсету

88.

Қонақүйлердің және тұруға арналған соған ұқсас орындардың қызмет көрсетуі

551011

89.

Демалыс күндерінде және қысқа мерзімді тұрудың өзге де кезеңдерінде тұрғын үй беру

552011

90.

Кемпингтердің, автофургондарға және тұруға арналған автотіркемелерге арналған тұрақтардың қызмет көрсетуі

553011

91.

Тұруға арналған өзге де орындардың қызмет көрсетуі

559012

АҚПАРАТ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС

34.

Компьютерлік бағдарламалау, консультациялық және басқа да ілеспе қызметтер

92.

Компьютерлік бағдарламалау саласындағы қызмет

6201

35.

Ақпараттық қызмет көрсету саласындағы қызмет

93.

Ақпараттық қызмет көрсету саласындағы қызмет

63

БІЛІМ БЕРУ

36.

Білім беру

94.

Білім беру

8513

95.

Басқа топтамаларға енгізілмеген білім берудің өзге де түрлері

85.59

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ХАЛЫҚҚА ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

37.

Денсаулық сақтау саласындағы қызмет

96.

Денсаулық сақтау саласындағы қызмет

8614

      Ескертпе:

      1 Араларды өрбіту, балды және ара балауызын өндіру жобалары ғана қаржыландырылады.

      2 Үйіндіден алынған тас көмір.

      3 Оның ішінде: айран, консервіленбеген қойылтылған сүт, дән түйіршіктері, глюкоза-фруктоза шәрбатын, қарақұмық өндіру, сондай-ақ картопты өндірістік тазартуды, шай мен кофе өндіруді қоспағанда, картопты өңдеу және консервілеу.

      4 Спирттік ішімдіктер өндіретін мекемелерді салу және (немесе) реконструкциялау, жаңғырту.

      5 Оның ішінде: дезинфекциялау құралдарын, зарарсыздандырғыштарды және т. б. өндіру.

      6 Оның ішінде асыл емес (бағалы емес) металдардан жасалған бөшкелер, барабандар және басқа да ыдыстар өндіру.

      7 Оның ішінде: өкпені жасанды желдету аппаратын; медициналық мақсаттарда пайдаланылатын өзге де электр және электрондық жабдықтарды; діріл-акустикалық аппараттарды; медициналық білезіктерді; пациенттің мониторларын; телекардиографтарды; диализаторларды өндіру.

      8 Тау шаңғысы курорттарын салу, егер конвейерлер, арқанды жолдар, тау шаңғысы көтергіштері және арқанды көтергіштер қалалық және қалааралық көлік жүйесіне кірмесе, оларды басқару.

      9 Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасымен және Өзбекстан Республикасымен шекаралас аумақтарында көліктік транзиттік терминалдар, құрғақ порттар, қойма үй-жайларын салу.

      10 Азық-түлік өнімдерін сақтау және өткізу бойынша көтерме-тарату орталықтарын құру, көкөніс және жеміс қоймаларын салу.

      11 Алакөл көлі жағалауында (Шығыс Қазақстан облысы, Алматы облысы), Балқаш көлі жағалауында (Қарағанды облысы), Баянауыл курорттық аймағында (Павлодар облысы), Щучье-Бурабай курорттық аймағында (Ақмола облысы), Түркістан және Ақтау қалаларында, Имантау-Шалқар курорттық аймағында (Солтүстік Қазақстан облысы), Алматы таулы кластерінде (Алматы облысының Талғар, Еңбекшіқазақ, Ұйғыр, Райымбек, Қарасай аудандары), "Медеу" мемлекеттік аумақтық табиғи паркінде, Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде іске асырылатын туризм саласындағы жобалар қаржыландырылады.

      12 Студенттік және мектеп жатақханаларын салу және (немесе) реконструкциялау.

      13 Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру мекемелерін салу және (немесе) реконструкциялау және (немесе) жабдықтармен жарақтандыру.

      14 Медициналық мекемелерді салу және (немесе) жөндеу және (немесе) медициналық мекемелерді қажетті медициналық жабдықтармен (компьютерлік томограф, магнитті-резонанстық томограф, УДЗ аппараты, кардиомонитор, неонаталдық ӨЖЖ аппараты, ӨЖЖ аппараты, жасанды қанайналым аппараты, ангиографиялық жүйе және т.б.) жабдықтау, сондай-ақ санаторий-курорттық мекемелер салу және (немесе) реконструкциялау және (немесе) жабдықтармен жабдықтау.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 15 наурыздағы
№ 215 қаулысына
2-қосымша
Басым жобаларға кредит
беру және қаржылық
лизинг тетігіне
3-қосымша

Экономиканың негізгі (басым) секторларының тізбесі

Р/с

Экономикалық қызмет түрлерінің
жалпы жіктеуішінің атауы

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші

1.

Сүтті бағыттағы ірі қара малды көбейту

01410

2.

Құс шаруашылығы

01471

3.

Етті қайта өңдеу және консервілеу

10110

4.

Ауылшаруашылығы құсының етін қайта өңдеу және консервілеу

10120

5.

Еттен және ауылшаруашылығы құсының етінен жасалған өнімдерді өндіру

10130

6.

Сүт өңдеу және ірімшік өндіру

10511

7.

Фермаларда ұсталатын жануарларға арналған дайын азық өндіру

10910

8.

Тоқыма талшықтарын дайындау және иіру

13102

9.

Ағаштан шпон, фанералар, тақтайлар және панельдер өндіру

16210

10.

Қағаз және картон өндіру

17120

11.

Бедерленген қағаз және картон өндіру

17211

12.

Шаруашылық-тұрмыстық және санитариялық-гигиеналық мақсатқа арналған қағаз бұйымдар өндіру

17220

13.

Тыңайтқыштар және құрамында азот бар қосылыстарды өндіру

20151

14.

Пестицидтер мен өзге де агрохимиялық өнімдер өндіру

20200

15.

Бояулар, лактар, эмальдар және оларға арналған минералды пигменттер өндіру

20301

16.

Басқа химиялық өнімдер өндіру

20599

17.

Фармацевтикалық препараттар өндіру

21201

18.

Жұмсақ жабындық және гидрооқшаулауғыш материалдар өндіру

23993

19.

Шойын, болат және ферроқорытпалар өндіру

24100

20.

Отыруға арналған орындықтарды және басқа да жиһаздан басқа, офистер мен сауда кәсіпорындары үшін жиһаздар өндіру

31012

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 15 наурыздағы
№ 215 қаулысына
3-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.01.2024 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 15 наурыздағы
№ 215 қаулысына
4-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.01.2024 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 15 наурыздағы
№ 215 қаулысына
5-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.01.2024 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 15 наурыздағы
№ 215 қаулысына
6-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.01.2024 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 15 наурыздағы
№ 215 қаулысына
7-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.01.2024 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 15 наурыздағы
№ 215 қаулысына
8-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.01.2024 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.