Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 және "Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары ту

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 17 ақпандағы № 139 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 26 сәуірдегі № 336 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 26.04.2024 № 336 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) "Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігінде:

      3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) осы басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігіне (бұдан әрі – тетік) 1-қосымшаға сәйкес тауар топтары бойынша импорт үлесін 2024 жылға қарай 2021 жылғы деңгейден 15 %-ға төмендету;";

      4-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұл ретте шағын және орта бизнес (бұдан әрі – ШОБ) субъектілері іске асыратын жобаларға кредит беруге және қаржылық лизингке кемінде 200 (екі жүз) млрд теңге жұмсалатын болады. Осы мақсатта әрбір ЕДБ, ЛК мен АНК ШОБ жобаларын осы тетікте белгіленген шарттарда берілген кредиттер мен қаржылық лизингтің жалпы көлемінің кемінде 20 %-ы мөлшерінде қаржыландыруды және қаржылық лизингті қамтамасыз етеді.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. ЖКС-ны қаржыландыру шарттары:

      2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларында айқындалған және осы тетікке 2-қосымшаға сәйкес басым жобалар бойынша кредит беруге және қаржылық лизингке арналған тауарлар тізбесіне (бұдан әрі – тізбе) сәйкес экономиканың басым салаларында жобаларды іске асыратын тиімді кәсіпкерлер/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері ЖКС-ның нысаналы тобы болып табылады. Бұл ретте жобаның нысаналы мақсатын растау үшін барлық экономикалық қызмет түрлерiнiң жалпы жiктеуiшiнің (бұдан әрі – ЭҚЖЖ) нақты бір түріне байланыстырылған тізбенің кемінде бір тауар түрін шығару жеткілікті. Көрсетілетін қызметтер саласы үшін сәйкестік өлшемшарты ЭҚЖЖ түрлеріне жатқызу болады.

      Жобаларға 10 (он) млрд теңгеден астам сомаға кредит берілген жағдайда тиісті салалық орталық уәкілетті органның оң қорытындысы қажет;

      ЖКС үшін номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және 4,5 (төрт жарым) пайыздық тармаққа ұлғайтылған базалық мөлшерлемеден аспайды. Сыйақының шекті мөлшерлемесін есептеу кезінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және ЕДБ/ЛК кәсіпкердің жобасы бойынша шешім қабылдаған кезде қолданыста болған базалық мөлшерлеме ескеріледі;

      ЖКС үшін кредит беру валютасы – теңге;

      субсидиялау мерзімі – 5 (бес) жылды қоса алғанға дейін, бұл ретте ЕДБ, ЛК және АНК кредит/қаржылық лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бір бөлігін төлеу және/немесе негізгі борышты өтеу бойынша кредит/қаржылық лизинг мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайтын мерзімге жеңілдікті кезеңді/кейінге қалдыруды ұсына алады.

      ЖКС жағдайын нашарлататын мән-жайлар туындаған жағдайда соңғылар кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бір бөлігін төлеу және/немесе негізгі борышты өтеу бойынша кредит мерзімі ұзақтығының жартысынан аспайтын мерзімге жеңілдікті кезең/кейінге қалдыру алуы мүмкін. Бұл ретте мұндай мән-жайлардың туындағаны Мемлекет басшысының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті шешімдерімен және/немесе уәкілетті органдардың құжаттарымен расталуға тиіс.

      Бұл ретте:

      1) кредиттік бюроның деректеріне сәйкес кредит беру немесе кредиттік өтінім беру кезінде күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен несиелік берешегі бар;

      2) қаржыландыруды немесе қаржылық лизингті жүзеге асыратын ЕДБ-мен, ЛК-мен және АНК-мен ерекше қатынас арқылы байланысы бар тұлғалар болып табылатын;

      3) "Банктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары қызметінің және бағалы қағаздар рыногында лицензияланатын басқа да қызмет түрлерінің, акционерлік инвестициялық қорлар және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің мақсаттары үшін офшорлық аймақтардың тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі басқармасының 2020 жылғы 24 ақпандағы № 8 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20095 болып тіркелген) көрсетілген офшорлық аймақтарда тіркелген, сондай-ақ қатысушылары және (немесе) акционерлері офшорлық аймақтарда тіркелген;

      4) кәсіпкерлер/акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде құрылған ЖКС-ны қоспағанда) тиесілі индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері, сондай-ақ меншік нысаны жеке мекеме ретінде ресімделген ЖКС жобалары қаржыландыруға жатпайды.

      Тетік шеңберінде ЕДБ, ЛК және АНК жеке қаражаты есебінен агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу және өндіру жобалары бойынша айналым қаражатын толықтыру үшін қарыз алушыны 100 % қаржыландырған жағдайда:

      1) өтінім беру кезінде мерзімі өткен салықтық берешектің болмауы;

      2) кредиттерге/қаржылық лизингке қызмет көрсету жөніндегі ағымдағы төлемдер бойынша есеп айырысуларды жүргізу мақсатына қаражат жұмсауға жол бермеу сияқты жобаларды іріктеу өлшемшарттары қосымша қолданылады.

      ЭҚЖЖ 1101 (спирттік ішімдіктерді тазарту, ректификациялау және араластыру) бойынша өңдеу өнеркәсібіндегі жобалар бойынша ЖКС-ны қаржыландырған кезде жобаларды іріктеудің мынадай өлшемшарттары қолданылады:

      1) әрбір күнтізбелік жыл үшін тетікке қатысқанға дейінгі алдыңғы 3 (үш) жылда ЭҚЖЖ 1101 (спирттік ішімдіктерді тазарту, ректификациялау және араластыру) бойынша акцизделетін өнім шығаратын ЖКС төлеген салық төлемдерінің көлемі ЖКС-ның өндіріс объектісі орналасқан жер бойынша жергілікті бюджеттің жалпы кірісінің сомасына балама немесе оның кемінде 10 %-ын құрайды;

      2) тетікке қатысқанға дейінгі соңғы күнтізбелік 3 (үш) жылда ЭҚЖЖ 1101 (спирттік ішімдіктерді тазарту, ректификациялау және араластыру) бойынша акцизделетін өнім шығаратын ЖКС төлеген салықтардың жыл сайынғы мөлшері 1 600 000 АЕК-тен төмен емес.

      Айналым қаражатын толықтыруға арналған кредиттің/қаржылық лизингтің ең жоғары сомасы 5 (бес) млрд теңгеден аспайды. Осы шарт бекітілгенге дейін мақұлданған жобалар қаржы агенттігінің уәкілетті органы кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін бұрын мақұлданған шарттарда қолданылады.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу бойынша, өңдеу өнеркәсібіндегі және көрсетілетін қызметтердегі ЖКС жобаларын субсидиялау шарттары:

      Субсидиялау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 728 қаулысымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның іс-шараларын және осы тетікті іске асыруға бөлінетін қаражат есебінен жүзеге асырылады.

      ЖКС-ның ЕДБ, ЛК мен АНК беретін кредиттері/қаржылық лизингтері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      Агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу бойынша, өңдеу өнеркәсібіндегі және көрсетілетін қызметтердегі жобаларды субсидиялау номиналдық сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және 4,5 (төрт жарым) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның 13,25 %-ын мемлекет субсидиялайтын, ал айырмасын ЖКС төлейтін базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша жүзеге асырылады. Жоғарыда көрсетілген сыйақы мөлшерлемесі бекітілгенге дейін мақұлданған жобалар қаржы агенттігінің уәкілетті органы кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін бұрын мақұлдаған шарттарда қолданылады.

      ЭҚЖЖ 1101 (спирттік ішімдіктерді тазарту, ректификациялау және араластыру) бойынша өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және 4,5 (төрт жарым) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның 13,25 %-ын мемлекет субсидиялайтын, ал айырмасын ЖКС төлейтін базалық мөлшерлемеден аспайтын кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша жүзеге асырылады. Жоғарыда көрсетілген сыйақы мөлшерлемесі бекітілгенге дейін мақұлданған жобалар қаржы агенттігінің уәкілетті органы кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін бұрын мақұлдаған шарттарда қолданылады.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2022 жылғы 6 желтоқсанға белгілеген базалық мөлшерлеме азайған жағдайда мемлекет субсидиялайтын сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің азаятын мәніне тең өзгеруіне азаяды.

      Инвестицияларға бағытталған кредиттерді/қаржылық лизингті субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 5 (бес) жылдан аспайды.

      Айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттер мен қаржылық лизингті субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 3 (үш) жылдан аспайды.

      Санкциялар қолданылатын ЕДБ/ЖК бұрын мақұлдаған/берген және осы тетікте көрсетілген талаптарға сәйкес келетін кредиттерді/қаржылық лизинг шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған кредиттер/қаржылық лизинг те субсидиялауға жатады.

      Бұл ретте қайта қаржыландыру ЕДБ/ЛК меншікті қаражаты есебінен ғана жүзеге асырылады.

      Осы тетік шеңберінде іске асырылатын жобаларды субсидиялау шарттары, тәртібі мен тетігі, сондай-ақ оларды мониторингтеу 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларымен регламенттеледі.";

      осы қаулыға қосымшаға сәйкес басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігіне 1-қосымшамен толықтырылсын;

      көрсетілген басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігіне қосымшада:

      жоғарғы оң жақ бұрыштағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

  "Басым жобаларға кредит
беру және қаржылық
лизинг тетігіне
2-қосымша";

      2) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.01.2024 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.01.2024 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 17 ақпандағы
№ 139 қаулысына
қосымша
Басым жобаларға кредит беру
және қаржылық лизинг тетігіне
1-қосымша

Импорт үлесін төмендетуге арналған тауар топтарының тізбесі

Р/с №

Тауарлар тобының атауы

Өнімнің атауы

2021 жылы тұтынудағы импорттың үлесі, %

2024 жылы тұтынудағы импорттың үлесі, %






1

2

3


4

АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫ

1

Тамақ өнімдері және сусындар

Нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер

14,1

12,0

Балық

63,3

53,8

Көкөністер мен жемістер: алма, жүзім, саңырауқұлақтар, пияз, қырыққабат

23,6

20,1

Сусындар мен шырындар

15,1

12,8

Ет және ет өнімдері

21,7

18,4

Сүт және сүт өнімдері

21,7

18,4

Өсімдік майлары

31,0

26,4

Макарон және ұннан жасалған өнімдер

26,5

22,5

Кондитерлік өнімдер

65,8

55,9

АЗЫҚ-ТҮЛІК ЕМЕС ТАУАРЛАР

2

Үйге және кеңсеге арналған бұйымдар

Шыныдан жасалған ыдыс

60,9

51,8

Санитарлық-гигиеналық бұйымдар

97,3

82,7

Тұрмыстық заттар

56,3

47,9

Көрпелер мен жамылғылар

97,2

82,6

Жиһаз

60,9

51,8

Матрастар

66,0

56,1

Тұрмыстық химия

96,0

81,6

Құрылыс материалдары

Құрылыстық конструкциялар

39,0

33,2

Әйнек

62,5

53,1

Құрылысқа арналған металл бұйымдар

63,0

53,6

Қабырғааралық бөлімдер

95,5

81,2

Линолеум

100

85,0

Кірпіштер

98,4

83,6

Құрылыс қоспалары

21,4

18,2

Киім және аксессуарлар

Киім

99,3

84,4

Аяқ-киім

97,6

83,0

Басқа

Тыңайтқыштар

60,0

51,0

Тоқыма бұйымдары

77,1

65,5

Қағаз

36,7

31,2

Бакалея

58,2

49,5