Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 549 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы N 100 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 17 шілдедегі № 433 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 17.07.2018 № 433 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 549 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 22, 254-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамына:

      Божко - Қазақстан Республикасының Төтенше

      Владимир Карпович жағдайлар министрі енгізілсін;

      көрсетілген құрамнан Храпунов Виктор Вячеславович шығарылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі