Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 4 мамырдағы № 271 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2016 жылғы 4 мамырдағы
№ 271 қаулысына 
қосымша   

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. «Арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметтің қосалқы түрін жүзеге асыратын тұлға ретінде рұқсат алу үшін өтінімге қоса берілетін құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 желтоқсандағы № 1474 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 6, 126-құжат);
      2. «Негізінде алынған (алынуға жататын) табыстарды арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың қызмет түрлерінен алынған табыстарға жатқызу жүзеге асырылатын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының растаманы беру қағидаларын және оның нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 желтоқсандағы № 1749 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 21, 304-құжат);
      3. «Негізінде алынған (алынуға жататын) табыстарды арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың қызмет түрлерінен алынған табыстарға жатқызу жүзеге асырылатын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының растаманы беру қағидаларын және оның нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 желтоқсандағы № 1749 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 563 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 47, 637-құжат);
      4. «Негізінде алынған (алынуға жататын) табыстарды арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың қызмет түрлерінен алынған табыстарға жатқызу жүзеге асырылатын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының растаманы беру қағидаларын және оның нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 желтоқсандағы № 1749 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 маусымдағы № 613 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 38, 556-құжат);
      5. «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалардың тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 маусымдағы № 801 қаулысымен бекітілген «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалардың тізбесін қалыптастыру қағидаларының 6-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 57, № 784-құжат);
      6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 10 шілдедегі № 706 қаулысымен бекітілген кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 40, 603-құжат);
      7. «Негізінде алынған (алынуға жататын) табыстарды арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың қызмет түрлерінен алынған табыстарға жатқызу жүзеге асырылатын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының растаманы беру қағидаларын және оның нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 желтоқсандағы № 1749 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 тамыздағы № 894 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 51, 720-құжат);
      8. «Негiзінде алынған (алынуға жататын) табыстарды арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметiн жүзеге асыратын ұйымдардың қызмет түрлерiнен алынған табыстарға жатқызу жүзеге асырылатын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органының растаманы беру қағидаларын және оның нысанын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 желтоқсандағы № 1749 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 440 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 32, 290-құжат);
      9. «Дербес кластерлік қордың алынған (алынуға жататын) табыстарды «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың қызмет түрлерінен алынған табыстарға жатқызуды жүзеге асыруға негіз болатын растаманы беру қағидаларын және оның нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 1207 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 69-70, 638-құжат);
      10. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 1283 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырудың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 79, 678-құжат).