Негізінде алынған (алынуға жататын) табыстарды арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың қызмет түрлерінен алынған табыстарға жатқызу жүзеге асырылатын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 желтоқсандағы № 1749 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 4 мамырдағы № 271 қаулысымен

      1-бап. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы туралы» 2000 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 10, 232-құжат; 2010 ж., № 11, 55-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      1-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы өзінің мәртебесі бойынша айрықша ерекшелік белгісі - Алтын жұлдыз және «Отан» ордені тапсырыла отырып, «Халық қаһарманы» (Народный герой) атағының иегері болады.».
      2-бап. Осы Конституциялық заң қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына толықтыру енгізу туралы Конституциялық заңға Қазақстан Республикасының Президенті қол қоймаған, бірақ «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңының 19-бабына сәйкес оған қол қойылған деп есептеледі, соған байланысты ол күшіне енді және қолданысқа енгізілді.
      Конституциялық заң Парламент Сенатының Төрағасы және Премьер-Министрдің қолдарымен бекітілген, бұл Конституцияның 45-бабының 3-тармағына сәйкес аталған Конституциялық заңның заңдық дұрыстығы және осы лауазымды тұлғалардың оның заңдылығы үшін заңдық жауапкершілігі туралы куәландырады.