Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 21 тамыздағы № 657 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы "Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидасын бекіту туралы" № 964 Қаулысының 12 тармағына сәйкес Шет ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шет ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 08 сәуірдегі № 11/11 "Шет ауданының жергілікті атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 3200 болып тіркелген, 2015 жылғы 6 тамыздағы № 32 (10 548) "Шет шұғыласы" аудандық газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімі аппаратының жетекшісі Ә.Е. Тілегеноваға жүктелсін.
      Шет ауданы әкімінің
міндетін атқарушы
Б. Төлеуқұлов