"Авариялық броны бар тұтынушыларды энергиямен жабдықтау ережесі мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 12 наурыздағы № 207 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 маусымдағы № 649 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 21 тамыздағы № 657 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 21.08.2015 № 657 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Авариялық броны бар тұтынушыларды энергиямен жабдықтау ережесі мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 12 наурыздағы № 207 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 8, 55-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Авариялық броны бар тұтынушыларды энергиямен жабдықтау ережесі мен шарттарында:
      «Осы Ережеде пайдаланылатын ұғымдар» деген 1-бөлімде:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Үздіксіз электрмен жабдықтау объектілері (бұдан әрі - ҮЭО) - оларды ажыратып тастау адамдардың өліміне, тіршілікті қамтамасыз ету объектілері жұмысының бұзылуына, апаттық экологиялық, әлеуметтік немесе экономикалық зардаптарға апарып соғуы мүмкін, технологиялық себептеріне байланысты үздіксіз электрмен жабдықтауды қажет ететін мемлекеттік және жеке меншік нысандағы шаруашылық инфрақұрылым объектілері»;
      үшінші және төртінші бөліктер алынып тасталсын;
      1-тармақ мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
      «титан және магний электролизі тәсілімен үздіксіз өндіретін металлургиялық кәсіпорындардың объектілері;».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов