"Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 шілдедегі № 597 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 мамырдағы № 340 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 620 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.07.2023 № 620 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 шілдедегі № 597 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын беру қағидаларында:

      6-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Комиссия уәкілетті органның, орталық мемлекеттік органдардың өкілдерінен, ғалымдардан, шығармашыл қызметкерлерден, қоғам қайраткерлерінен, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшелерінен, Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдардан құрылады.";

      9-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын алуға арналған тіркеу өтінімі;

      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-1) банктік шоттың болуы туралы анықтаманың көшірмесі;";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Сыйлыққа ие болған адамдарға "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты" атағы беріледі, диплом, төсбелгі және ақшалай сыйақы тапсырылады.";

      16-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Уәкілетті орган тиісті жылдың жиырмасыншы желтоқсанынан кешіктірілмейтін мерзімде ақшалай сыйлықақыны сыйлық лауреатының банктік шотына аударады.";

      көрсетілген қағидаларға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 22 мамырдағы
№ 340 қаулысына
қосымша
  "Дарын" мемлекеттік жастар
сыйлығын беру қағидаларына
қосымша
  Нысан

"Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын алуға арналған тіркеу өтінімі

      1. Тегі ___________________________________________________________

      Аты _____________________________________________________________

      Әкесінің аты (бар болса)____________________________________________

      2. Туған күні______________________________________________________

      3. Ұсынушы ұйымдардың толық атауы _______________________________

      _________________________________________________________________

      4. Номинация _____________________________________________________

      5. Білімі __________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      6. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (бар болса) _________________________

      7. Ағымдағы қызметі (кандидаттың жұмыс орны, лауазымы/оқу орны)______

      __________________________________________________________________

      ___________________________________________________

      8. Жұмыс өтілі (жұмыс істейтін азаматтарға) ____________________________

      9. Тұрғылықты мекенжайы ___________________________________________

      10. Байланыс телефоны ______________________________________________

      11. Электрондық пошта ______________________________________________

      "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын беру қағидаларының 9-тармағына сәйкес өтінімге қоса берілетін құжаттардың тізбесі:

      1.

      2.

      Ұйым басшысы __________________ _____________________________

      (қолы) Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Мөр қою орны (бар болса)

      20__ жылғы "___"_________