Қазақстан Республикасында жеңіл өнеркәсіпті дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 1003 Қаулысы

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облыстық мәслихатының 06.03.2014 № 231-V шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3 бабына сәйкес және облыс әкімдігінің 2009 жылғы 15 мамырдағы № 124 "Жергілікті қоғамдастық жиналысын (жиынын) өткізу және шешімдер қабылдау Ережесі туралы" қаулысын қарап, ІV шақырылған облыстық мәслихат ХХІV сессиясындаШЕШТІ:
      1. Қоса берілген жергілікті қоғамдастық жиналысын (жиынын) өткізу және шешімдер қабылдау Қағидасы бекітілсін.
      2. Осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткізілген күнінен бастап күшіне енеді.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Атырау облыстық мәслихатының 2009 жылғы 27 мамырдағы № 219-ІV "Жергілікті қоғамдастық жиналысын (жиынын) өткізу және шешімдер қабылдау Ережесін бекіту туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      Облыстық мәслихаттың
      ХХІV сессиясының төрағасы                  А. Барақатов
      Облыстық мәслихат хатшысы                  Ж. Дүйсенғалиев

Облыстық мәслихаттың    
2010 жылғы 1 қазандағы № 361-ІV
шешіміне қосымша     

Жергілікті қоғамдастық жиналысын (жиынын) өткізу және шешімдер қабылдау Қағидасы

      Осы жергілікті қоғамдастық жиналысын (жиынын) өткізу және шешімдер қабылдау Қағидасы (бұдан әрі - Қағида) жергілікті қоғамдастық жүйесін, ұйымдастыру және қызмет ету тәртібін анықтайды, сонымен қатар Атырау облысы аумағында оның жиналысын (жиынын) өткізу және шешімдер қабылдау тәртібін белгілейді.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидада келесідей ұғымдар қолданылады:
      Жергілікті мемлекеттік басқару - тиісті аумақта мемлекеттік саясатты жүргізу, оны дамыту мақсатында сондай-ақ тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты болып табылатын жергілікті өкілді және атқарушы органдар Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген құзыреті шегінде жүзеге асыратын қызметі;
      жергілікті өзін-өзі басқару - халық тікелей, сондай-ақ мәслихаттар және басқа да жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасы заңнамасымен айқындалған тәртіпте жергілікті маңызы бар мәселелерді өзінің жауапкершілігімен дербес шешуге бағытталған қызмет;
      жергілікті қоғамдастық - шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы; жергілікті маңызы бар мәселелер – реттелуі осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілеріне сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс тұрғындарының басым бөлігінің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге байланысты облыс, аудан, қала, қаладағы аудан, ауылдық (селолық) округ, ауылдық (селолық) округтің құрамына кірмейтін кент пен аул (село) қызметінің мәселелері; жергілікті қоғамдастық аумағында тұрақты тұратын жері бар шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Заңда немесе халықаралық шартта белгіленген шектерде жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыруға қатысуға құқығы бар;
      бастамашыл топ - қоғамдастық мүшесі әрекетке қабілеттілігі бар, жиын өткізуге тілек білдірген бірақта, кемінде қоғамдастық мүшесінің 1/10 қатысқан жағдайда;
      2. Бір әкімшілік-аумақтық бірлік аумағын осы бөлімнің 3 тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда бір жергілікті қоғамдастық құрылуы мүмкін.
      3. Облыс орталығында өз қызметтері дербес атқаратын бірнеше жергілікті қоғамдастық құрылуы мүмкін.

2. Жиналысты ұйымдастыру тәртібі

      4. Жергілікті қоғамдастық жиналысы (бұдан әрі - Жиналыс) жергілікті қоғамдастық мүшелерінің тікелей ерік білдіруі арқылы жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу нысаны болып табылады.
      5. Жиналыс өз жұмысында Қазақстан Республикасы Конституциясын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сонымен қатар осы Қағиданы басшылыққа алады.
      6. Жиналыс тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті қоғамдастығының оннан бір бөлігінен кем емес әрекетке қабілетті мүшелерінің бастамасы бойынша өткізіледі.
      7. Жиналысты ұйымдастыру және өткізу Жиналысты өткізуші Бастамашыл топқа жүктеледі.
      8. Жиналыс өткізу кезінде бастамашыл топ Жиналыс өткізгенге дейін 15 (он бес) күнтізбелік күн бұрын тиісті мәслихатқа немесе әкімге хабарлайды. Хабарлама жазбаша түрде беріледі. Онда Жиналыс өткізілетін күні, орны мен уақыты, тұрғындары жиналысқа қатысатын үйлердің мекенжайы, қатысушылардың болжамды саны, қарауға шығарылатын мәселе (мәселелер), сонымен қатар тегі, аты, мекен-жайы және телефоны көрсетілген бастамашыл топтың дербес құрамы көрсетіледі.
      9. Өтетін күні, орны, қарауға шығарылатын мәселелер, бастамашыл топ туралы мәлімет көрсетілген Жиналыс өткізу туралы хабарландыру Жиналыс өткізілгенге дейін 7 (жеті) күнтізбелік күн бұрын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады немесе кез келген өзге қолжетімді әдіспен жергілікті қоғамдастықтың қаперіне жеткізіледі.
      10. Мәслихат немесе әкім немесе Жиналыс қарауына ұсынылатын мәселе құзыретіне кіретін олармен уәкілеттелген өзге лауазымды тұлға ұсынылған мәселе бойынша Жиналыс өткізудің орындылығы туралы Бастамашыл топпен консультация өткізуге, Бастамашыл топқа өз ескертпелерін, ұсыныстарын немесе негізделген қарсылықтарын жолдауға құқылы.
      11. Бастамашыл топ және мәслихат немесе әкім жалпы келісім бойынша Жиналыс өткізуге дайындық мерзімін өзгертуі мүмкін. Жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімдері оған қатысқан жергілікті қоғамдастық мүшелерінің үштен екісінің басым дауысымен қабылданады, жергілікті қоғамдастық жиналысы хаттамамен рәсімделеді.
      12. Жиналыс басталғанға дейін Бастамашыл топ жиналыс қатысушыларын тіркеуді жүргізеді.
      13. Жиналысты оны өткізуші бастамашының өкілі ашады. Жиналыс жүргізу үшін төрағадан, жиналыс хатшысынан және жиналыс қатысушыларының қарауы бойынша өзге де тұлғалардан тұратын президиум сайланады. Президиум құрамын сайлау, күн тәртібін, жиналыс жүргізу регламентін бекіту жиналыс өткізу бастамашысының немесе жиналыс қатысушысының ұсынысы бойынша жиналыс қатысушылары дауыстарының қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады.
      14. Жиналыс хатшысы келесі мәліметтерден тұратын жиналыс хаттамасын жүргізеді: аталған тұлғаның тұрғылықты жері бойынша тіркелім мекен-жайы, Жиналысқа қатысуға құқығы бар тұрғындардың саны, Жиналыс бастамашыл тобының құрамы туралы мәлімет, жиналыс өткізу күні, орны мен уақыты, президиум құрамы, қаралатын мәселенің толық атауы, сөз сөйлегендердің тегі, қаралған мәселе бойынша сөз сөйлеулердің қысқаша мазмұны, қабылданған шешім, жиналысқа қатысушы жергілікті өзін-өзі басқару органы өкілдері мен шақырылған тұлғалардың тізімі.
      15. Хаттаманы жиналыс төрағасы жиналыс қатысушыларына оқиды, жиналыс шешімімен бекітіледі, жиналыс төрағасы және хатшысы қол қойып, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына немесе өтініштегі мәселелерді шешу құзыретіне кіретін жергілікті өзін-өзі басқарудың лауазымды тұлғасына қарап, жауап дайындау үшін жолданады.
      16. Жиналыс егер әрекетке қабілетті мүшелерінің үштен бірінен кем адам қатысса өтпеген деп танылады.
      17. Қайта өткізілетін жергілікті қоғамдастық жиналысын өткізу күні мен орны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жатады немесе кез келген өзге қолжетімді әдіспен жергілікті қоғамдастықтың қаперіне жеткізіледі.
      Қайта өткізілетін жергілікті қоғамдастық жиналысы егер оған осы баптың 11–тармағында көрсетілген қажетті санының жартысынан кем емес жергілікті қоғамдастық мүшелері қатысса, өткізілген деп танылады.
      18. Жергілікті қоғамдастық мүшесі атынан сенімді тұлға қатыса алады. Жергілікті қоғамдастықтың бірнеше мүшесінің мүдделерін бір сенімді тұлғаның білдіруіне рұқсат етіледі.
      19. Жергілікті қоғамдастықтың жиналысында (жиынында) қабылданған шешімдер жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жіберілуі мүмкін.
      20. Жиналыс шешімі жай көпшілік дауыспен ашық дауыс беру жолымен қабылданады. Жиналыс кейбір мәселелер бойынша жасырын дауыс беру өткізу туралы шешім қабылдай алады. Бұл жағдайда оның қатысушылары есеп комиссиясын сайлайды.

3. Қорытынды ережелер

      21. Жиналыста қабылданған шешімдер бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады немесе кез келген өзге қолжетімді әдіспен жергілікті қоғамдастық қаперіне жеткізіледі.
      22. Жиналыс шешімдері азаматтардың, тұрғын үйдің меншік иелері бірлестіктерінің және өзге ұйымдардың мүліктік және өзге құқықтарын бұза алмайды.
      23. Жиналыста қабылданған шешімдерге сот тәртібінде азаматтар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, мемлекеттік биліктің өзге де уәкілетті органдары шағым және прокурор наразылық келтіруі мүмкін.
      24. Жиналыс шешімдері жергілікті өзін-өзі басқару органдары, тиісті аумақ тұрғындары, кәсіпорындар және өзге де тұлғалар үшін ұсынымдық сипатта болады.
      25. Жиналыста қабылданған өтініштер жергілікті өзін-өзі басқару органдарына және өтініштегі мәселелерді шешу құзыретіне кіретін жергілікті өзін-өзі басқару органының лауазымды тұлғаларына жолданады.
      26. Жергілікті өзін-өзі басқару органдары және жергілікті өзін-өзі басқару органының лауазымды тұлғалары өтінішті бір ай мерзімде қарап, жиналыс төрағасына немесе жиналыспен уәкілеттілік берілген өзге тұлғаға өтініш мәні бойынша жазбаша түрде негізделген жауап жолдауға міндетті.
      27. Жиналыс өтініші негізінде жергілікті өзін-өзі басқару органы құқықтық немесе өзге акт қабылдауға құқылы және ол туралы жиналыс төрағасына немесе жиналыспен уәкілеттілік берілген өзге тұлғаға дереу хабарланады.
      28. Жиналысты ұйымдастыру және өткізумен байланысты шығындарды қаржыландыру мәселелерін бастамашыл топ шешеді.