Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 1288 қаулысы

Қолданыстағы

      «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметті жүзеге асыру бойынша лицензиар болып;
      2) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары денсаулық сақтау жүйесіндегі есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметті жүзеге асыру бойынша лицензиар болып;
      3) осы қаулыға қосымшаға сәйкес өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі бөлігінде есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беруді келісетін мемлекеттік органдар айқындалсын.
      2. «Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қазандағы № 1362 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 75-76, 1115-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2014 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 1288 қаулысына 
қосымша      

Өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі бөлігінде есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беруді келісетін мемлекеттік органдар

Р/с №

Келісетін мемлекеттік орган

Лицензияланатын қызмет түрі

Лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрі

Лицензиар

1

2

3

4

5

1

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет

1. Есірткі заттарды әзірлеу, өндіру, қайта өңдеу, тасымалдау, жөнелту, сатып алу, сақтау, бөлу, сату, пайдалану, жою.
2. Психотроптық заттар мен прекурсорларды өндіру.
3. Психотроптық заттар мен прекурсорларды әзірлеу, қайта өңдеу, тасымалдау, жөнелту, сатып алу, сақтау, бөлу, сату, пайдалану, жою.
4. Құрамында есірткі заттар бар өсімдіктер мен шөптерді өсіру, жинау, дайындау.
5. Құрамында психотроптық заттар бар өсімдіктер мен шөптерді өсіру, жинау, дайындау.
6. Денсаулық сақтау саласындағы есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары

2

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі